Ерлігімен еленгендер марапатталды
Өрт – тілсіз жау. Ал, ондай жағдайда дұрыс шешім қабылдап, қайсарлық таныту – азаматтықтың, ерліктің белгісі. Өрт өтінде ерлік танытып, талай адамның өміріне арашашы болып жүрген бейбіт заманның батырлары бүгінде арамызда аз емес. Міне, сондай жандардың бірсыпырасына 6 мамыр күні Елордада Елбасымыз өз қолымен “Ерлігі үшін” медалін табыстаған болатын. Олардың арасында жерлестеріміз Данияр Қалиев пен Болатбек Хамза да бар. Тілсіз жаумен күресте ерлік танытқан ерлерді ел алдында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы да марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Құтқарушының негізгі міндеті адам өмірін құтқару болғандықтан, Данияр да бүгінге дейін бірталай жандардың өмірін сақтап қалды. Ағымдағы жылы Қостанай қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Д.Қалиевтің басшылығымен Қостанай қаласының өрт сөндіру бөлімінің жасағы аз уақыттың ішінде 5 қабатты тұрғын үйде болған тілсіз жауды ауыздықтады. Өрт сөндіру кезінде 24 адам эвакуациаланып, Даниярдың қайсарлығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында адам шығынына жол берілген жоқ. Бұдан басқа, “Титан” ЖШС-нде болған өрт оқиғасы кезінде де ол өз өмірін қатерге тіккен көрінеді.
-Құтқарушының басты мақсаты – адамдардың өміріне арашашы болу ғой. Сондықтан, бізге ең бастысы төзімділік пен қырағылық қажет. Өрт кезінде сасқалақтамай, жедел шешім қабылдап, дер кезінде көмектесе білу керек. Мәселен, “Титан” серіктестігінде болған өртті ауыздықтау оңайға түскен жоқ, тіпті жарылыс болуы да мүмкін еді. Бірақ, құтқарушылардың шеберлігінің арқасында оған жол берілген жоқ. Әрине, біз жұмысымызды бір марапат, не алғыс алайық деп істемейміз, бұл – біздің міндетіміз. Десе де, осындай марапатты Елбасымыздың өз қолынан алу мен үшін үлкен бақыт, – дейді бөлімше командирі Данияр Қалиев.
Арқалық қаласындағы №2 мамандандырылған жасағының өрт сөндіруші-құтқарушысы Болатбек Хамза да екі ірі өрт оқиғасында адамдардың өмірін арашалап қалғаны үшін Елбасы Жарлығымен “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды. Болатбектің айтуынша, өрт сөндіруші болу оңай емес, бұл қызметке әртүрлі адамдар келеді, бірақ соның ішінде тек рухы биік, нағыз шеберлер ғана қалатын көрінеді.
– Арқалық қаласындағы жатақхана өртенгенде, ондағы қызыл жалынды сөндіру оңай болмады. Әлі есімде, өте қиын жағдай болды. Ғимараттың бір емес, он бөлмесі жанып жатыр, қап-қара қою түтіннен ештеңе көрінбейді. Абырой болғанда, іштегі адамдарды аман-есен құтқарып, адам шығынына жол бермедік. Әрине, өрт кезінде жұртты марапат үшін құтқармайсың ғой, қызыл жалынмен күресіп жүргенде бізде адамдарды құтқарып қалудан басқа ой да болмайды. Жалпы, құтқарушы ғана емес, әр азамат қиын кезде жедел шешім қабылдап, қиналғанға көмектесе білуі қажет, – дейді өрт сөндіруші Болатбек Хамза.
Ал, Жітіқара қалалық өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы Мақсұт Иманбаев былтыр тілсіз жауды ауыздықтау кезінде көз жұмған еді. Қызметтік парызын орындау барысында ерлікпен қаза тапқан ерді әріптестері де, жерлестері де ешқашан ұмытпақ емес. ІІ дәрежелі “Айбын” ордені марқұмға туған жерінде отбасына тапсырылады.

Қарлығаш ОСПАНОВА