Сырт киімсіз шығып кеткен
Рудный қаласында кішкентай бала шағын орталықтан өз бетімен кетіп қалған. Далада сырт киімсіз жүрген баланы өтіп бара жатқан адамдар байқаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» alau.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы ақпаратты Рудный қалалық білім беру бөлімі растады. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар баланы жылытып, полиция шақырды. Білім беру бөлімінен хабарлағандай, олар болған оқиға жайында ювеналдық полиция қызметкерлерінен білген.
«Бала кетіп қалған жекеменшік мекеме өз қызметін бастағаны туралы хабарлама берген жоқ. Яғни, заң бойынша, біз бұл жекеменшік балабақшаны жауапқа тарта алмаймыз», – деп түсіндірді Рудный қалалық білім бөлімінің мектепалды тәрбие және білім беру бойынша әдіскері Гүлнара Бикбаева.