2000 теңге
* Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, "Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін", депті. Баласы бір аптадан кейін әкесіне келіп, "Әке, кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?" дейді. Сонда әкесі баласына "кітапты оқымағансың" деп жауап беріпті. Баласының кітапті оқымағанын әкесі қайдан білді?
Қызықты есептер
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны – он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны – он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?
Шелек
*Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, жүк машинасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан кезде ме?