Қолайлы көлік қайда бар?..

Қостанайда қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделуін қадағалау мақсатындағы рейд жұмыстары жалғасып жатыр. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Қостанай облыстық  филиалы қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Владимир Сова мен әлеуметтік қорғау бөлімінің өкілдері азаматтарды тасымалдау қызметімен айналысатын қалаішілік №13, №24, №27 қоғамдық көліктердің жағдайын бағамдады.IMG_9934
Негізі міндет – мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру, қоғамдық көліктердің жарымжан жандарға бейімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Тексерушілер әуелі "Автовокзал" аялдамасына аттанды. Онда түсті ғана тәмамдаған кезекті рейстегі №27 автобусты тексерді. Тексеріс барысында мүгедек жандардың мініп-түсуіне ғана жағдай жасалғаны анықталды."Көз ауруханасы" аялдамасында тұрған №24 маршруттың екі жүргізушісі мүгедектерді үнемі алып жүретінін айтты.IMG_9937
–Менің жұмысымда қолайсыз жағдайлар болған емес. Мүгедек екенін көрсем, бірден шығып, демеп түсірісіп жіберемін, – деді автобус жүргізушісі.
  Жалпы, қалада үлкен сыйымдылықтағы барлық автобус саны – 400. Оның 80-де автобуста мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Атап айтар болсақ, №24,№27 қоғамдық көліктерде мүгедектік арбаға танылған азаматтардың мініп-түсуіне арнайы жағдай жасалған. Қалған  автобустарда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ешқандай жағдай қарастырылмаған. "Нұр Отан" партиясы тек облыста ғана емес, республика бойынша да жағдай бұл ретте қиын екенін жеткізді.IMG_9905
 –Мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық талаптарға сай келетін автобусты табу қиын. Автобустардың басым көпшілігі қолайсыз, белгілі талаптарға сай емес. Автобуста арбадағы адамдарға арналған қауіпсіздік белдіктері мен  салонға кіреберісте жүргізушіні шақыру түймелері болуы қажет. Ал, зағип жандарға қолайлы жағдай жасалған. Қостанайдың барлық автобустары аяладамалар туралы хабарлайды. Автобус жүргізушілерінің өздері қыс мезгілінде арбаға танылған жандарды тасымалдау қиын екенін айтады. Жүргізушілер аялдамаға жақын келіп тоқтай алмайтындарына шағымданады. Оған себеп, аялдама маңы тайғақ, автобус бұрылуы үшін қауіпсіз болуы тиіс. Сондай-ақ,  есту қабілеті нашар адамдар үшін аялдамаларды автоматты түрде жариялау  қажет. Біз тексеріс нәтижелерін Астанаға жіберу үшін рейд жүргіземіз. Бұл мәселе республика деңгейінде қаралатын болады, – деді партияның облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Олжас Дүйсеков.IMG_9885
"Нұр Отан" партиясы мүшелері атап кеткен түйткілді мәселелер анықталған соң жұмыстарынан нәтиже шығару үшін өкілетті органдарға жүгінбек. Сонымен қатар, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін 2017 жылы ақпаннан бері «Smart Bus»  қосымшасы іске қосылды. Қазір ол мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді. «Ақылды көлік» қосымшасын ұялы телефонға жүктеу арқылы автобустардың қозғалысын бақылап отыруға болады.
–Бұл барлығына пайдалы: әркім нақты уақыт режимінде автобустардың қозғалысын бақылай алады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар жалпы картада мүгедектерге бейімделген көліктерді көре алады. Олар ақ маркермен белгіленген, – деді тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Бейсенов.
Қаламызда ТКШ бөлімінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторының бас маманы Нұрдәулет Бейсеновтың айтуынша, күн сайын 280 автобус жолға шығады, олардың 80-і ғана мүгедектерге бейімделген.IMG_9888
Ал арнайы қайырмалы пандуспен жабдықталған, бірақ олардың 15-і төмен табанды, яғни мүгедектер арбасына салонға кедергісіз кіруге мүмкіндік береді. №24 автобусы мүгедектерге бейімделген. Өкінішке орай,  мүгедектердің басым бөлігі пайдаланатын, сұранысқа ие  №13 автобуста ешқандай жағдай жасалмаған. Партия мүшелері Қостанайда 70-тен астам автобусты тексерді. Әзірге олардың жай-күйі қанағаттанарлықсыз.IMG_9874
Қостанай қаласының ТКШ бөлімі мәселені жоққа шығармайды және қаражатқа екпін береді – тасымалдаушылардың ешқайсысын әкімдік субсидияламайды, жанар-жағар май және қосалқы бөлшектер қымбаттаса да тариф бір жылдан артық өсірілмеді. Мұндай жағдайда автопаркті жаңарту мүмкін емес.
–2018 жылдың желтоқсан айында Қостанайда арнайы көлікпен жүруге мұқтаж 617 адам тіркелген. Қазіргі уақытта оларға Инватакси  қызмет көрсетеді. Алайда, барлығын арнайы көлікпен қамтамасыз ету үшін көліктер жетіспейді, –  дейді қалалық ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы Владимири Сова.
 Жалпы, нұротандықтар «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында түрлі мекемелерге, сондай-ақ қаладағы аяладамаларға арнайы бақылаулар жүргізіп, нәтижелі жұмыс істеп келеді. Жүргіншілер тасымалымен айналысатын көліктерге де тәртіп орнап, қолжетімділік артады деп сенеміз.
 
Әсел Қибаш,
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓