Елбасы: “Жастар жұмыссыз жүрмеуі тиіс”

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Жастар жылын салтанатты ашуға арналған "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты шара аясында жұмыссыз жүрген жастарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. жастар
Елбасы оларға оңай ақшаның соңынан қумай, адал нәпақа табуға шақырды. 
"Мен жұмыс таппай, әркімнің бір есігін табалдырығын тоздырғаннан кейін оңай ақшаның соңынан кететін жастарға әрдайым жастарға айтып келемін. Қыздарға да, ұлдарға да. Мұндайды көру аянышты, себебі жұмыс бар. Бала бақсаң да, үй тазаласаң да, ас дайындасаң да, әйтеуір еңбек етуге болады, бірақ өзіңді өзің ешқашан сатпауың керек", – деді Назарбаев.
Ол жұмыссыздарға Naimi.kz ұялы қосымшасын ұсынды. "Бұл қосымша барлығына жұмыс ұсынады және жақсы ақша табуға көмектеседі. (…) Жұмыс – бақуатты өмірдің басты қайнар көзі", – деп кеңес берді Елбасы.
Айта кету керек, "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында "Дипломмен – ауылға" бағдарламасының тізімі кеңейіп, ауылға баратын жастаға қаржылай қолдау 10 АЕК-ке ұлғаятын болды. Сонымен бірге, жастар жылында жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында үкіметке бөлінетін грант көлемін 2 есеге ұлғайту тапсырылды. Елбасы осы секілді көптеген игі шараның басын біріктіретін "Жол картасын" әзірлеуді міндеттеп отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓