Өңір көктемгі егіс науқанына толық дайын

Көктем келісімен диқандарымыз алашапқын болатыны белгілі. Жанар-жағар май, тұқым, ауыл шаруашылық техникаларының жабдықталуы бәрі-бәрі оларды беймаза күйге түсіреді. Барлық жай-күйін алдын-ала жоспарлап қоймаса, соңы кеш болып, қаратері шығатыны анық.аким
Міне, сол мақсатпен облыс басшысы Нұралы Садуақасов өңірді аталған мәселелермен қамтамасыз ететін кәсіпорындарды аралап, жай-күйімен танысып қайтты.
Алдымен «Урал ЛТД» ЖШС-де болып, жаңа заманға сай ауыл шаруашылық техникаларын, технологиялық жабдықтарын, қосалқы бөлшектерін, тұқым себетін құралдарды байқады. Шаруашылықтағы барлық техникалар Ресей, Украин, Беларусь және Еуроодақ елдерінен әкелінеді. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда бағасы да диқандар үшін әбден қолайлы. Оның себебі, қазіргі дағдарысқа жағдайында техникалардың құны едәуір түсіп, 20-25% құраған. Мұны егін егіп, мал өсіретін ауылдағы әрбір жанға жеткізу керектігін қадап тапсырды өңір басшысы осы сапарында.аким 1
Бұдан кейін осы іспеттес «Мотор-Деталь», «Аском и К», «DG Технолоджи» ЖШС-ін көрген Н.Садуақасов 1 сәуірде ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін ұйымдастыруды әрі оған көршілес облыстағы және Ресей, Беларусь мемлекетіндегі аталған техникалармен айналысатын бірнеше кәсіпорындарды жұмылдыру қажеттігін айтты. Келешекте көрменің тіпті, жылына екі рет – көктемгі және күзгі егіс науқаны қарсаңында өткені диқандар үшін әлдеқайда тиімді болатынын мәлімдеді.
Одан әрі өңір басшысы жоғары сортты тұқымдарды шығарумен айналысатын «Заречное» ғылыми-тәжірибелі  шаруашылығына атбасын бұрып, жай-күйімен танысып, көктемгі егіс науқанына өңірдің 100% дайын екенін: жанар-жағар май, тұқымдардың алдын-ала алынып қойылғанын, кейбір шаруашылықтар әлі де қаржыландырылып жатқанын тілге тиек етті.аким 3
Өңір басшысының осы сапардағы айтқан келелі ойларын, өңірдегі көктемгі егіс науқанының толық хал-ахуалын, көкөніс өнімдерін егудегі түйткілдерді газетіміздің алдағы санында егжей-тегжейлі әңгімелеп береміз.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓