Түркияға жәрдемге аттанады
Түркияда зілзаладан зардап шеккен халыққа жәрдемдесуге жұмылдырылған бригадаға Қостанайдан үш дәрігер қосылды.
Қазақстандық құтқарушылар мен медицина қызметкерлері бүгін Түркияға жол тартады. Олардың қатарында Қостанайдан облыстық аурухана дәрігерлері – нейрохирург Евгений Ковалев, травмотолог Сергей Нелепин және реаниматолог Мансұр Қараев бар. Жерлестеріміз түркиялық әріптестеріне қолғабыс етпек.