Ұлтаралық келісім тірегі
Бұл Қазақ елінің азаттық алғалы бергі ұраны. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады.
Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында "Қазақстан-2050 стратегиясы: бейбіт-шілік, руханият және келісім мәдениеті" атты күн тәртібімен өтті. Сөз арасында Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассам-блеясының және Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойы атап өтілетіндігін айтты. "Қазақстан халқы Ассамблеясы барша халықты Конституцияға дауыс беруге шақырған тұңғыш институт болатын. Мен мұны еш ұмытпаймын, осыған дән ризамын. Сондықтан, да келесі 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялаймын", – деді Н. Назарбаев. Бұл ретте Елбасы еліміздегі 2015 жылы өткізілетін барлық шараларды осынау маңызды мерейтой аясында жүзеге асыру керектігін де ескерткен болатын. "Үкіметке Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, Ассамблеяның және Конституция-ның 20 жылдығы мерейтойын өткізу бойынша ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырамын", – деді ҚР Президенті.
Елбасының тапсырмасына орай Тобыл өңірінде де дайындықтар басталып кетті. Жыл бойы барлық шаралар осы маңызды шараның белгісімен өткізіледі. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Ж. Мақанов апарат жиналысында облыс әкімі Н.Садуақасовқа олардың ретімен таныстырды.

Келер жыл маңызды шаралар-ға толы. Оған баршамыз бірігіп, өткізуге тиістіміз.
Бұл мерекелермен қатар Қостанай облысының өркендеуіне қатысты мерейтойлар да бар.
Олар:
Марал Ишанның 235 және облыстық Ақ Мешіттің 125 жылдығы;
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 100 жыл;
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный гуманитарлық-әлеуметтік колледжіне 75 жыл;
Қамысты ауданына 60, Науырзым ауданына 50 жыл.
"Қостанай минералдары" АҚ мен Лисаков кен байыту комбинатына 50 жыл;
"Қазақ тілі" аймақтық қауымдастығына 25 жыл;
І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының 15 жылдығы; сонымен қатар бірқатар тұлғалардың мерейтойлары. Ш. Уәлихановтың 180, Кеңестер Одағының Батыры С. Баймағанбетовке және Л. Бедаға 95, Даңқ орденінің толық иегері М. Яровойдың 90 жылдық мерейтойы.
– Тұрақтылық пен тыныштығымызды көзіміздің қарашығындай сақтауға бүкіл қазақстандықтар үлесін қосу керек деп ойлаймын. Осыған орай облыстық басқармалар мен қалалық және аудандық әкімдіктер ағымдағы жылдың 4 тоқсанында аталмыш мерекелерді атап өтуге тиесілі қаражатты бюджеттен қарастырулары қажет. Бұл іс шаралардың маңызы жоғары. Бір кісідей ат салысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару міндеттіміз. "Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы" мега-жобасының жүзеге асуын қолдау керек. Мерейтойларға қатысты жәдігерлер, ақпаратты-анықтамалық материалдар жарыққа шығып, түрлі шаралардың жүзеге асуына жол ашып, белсенділік танытқанымыз дұрыс. "Бейбітшілік пен келісімнің арқасында ғана бәріне қол жеткіземіз" деген Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылды Қазақстан халқы
Ассамблеясының жылы деп жариялауы бекер емес. Енді қазірден бастап ассамблеяның мерейтойы мен Конституцияның 20 жылдығына дайындалу керек. Және президент тапсырмасы бойынша, ассамблея тек ұлттық би мен фольклорды көрсету үшін ғана емес, еліміздің ұлтаралық келісімін кеңінен насихаттауы тиіс, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ж. Мақанов.

– Қаламыздағы этно-мәдени орталықтар бірігіп, келер жылға деген дайындықты биылдан бас-тап кеткен едік. Жыл басынан бері аудан-аудандарды аралап, түрлі шараларды өткізіп жатырмыз. Меңдіқара, Рудный, Денисов сияқты аудандарда болдық. Аудан орталықтарында ұлттар арасындағы достастық, келісім, бейбітшілік тақырыбына арнал-ған басқосулар ұйымдастырылуда. Келер жылы облыс көлеміндегі ұлттық-мәдени орталықтар жайында кітапты жарыққа шығарамыз ба деген жоспарымыз бар, – дейді Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Бағытұр Дәндібаев.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА