Тархан Жәнібекке ескерткіш салынды
Жаңа ескерткіш облыс орталығындағы Карбышев-Мәуленов-Уральский көшелері қиылысында орналасқан.
«Бізге екі мың теңгеден бастап, бірнеше миллионға дейін көптеген сомалар ұсынылды. Ескерткішті тұрғызу жұмыстары қаңтар айында басталды. Скульптор – белгілі мәдениет қайраткері Қадыржан Кәкімов. Барлығы 270 тонна тас жұмсалды. Ескерткіштің өзіне Алматы облысында өндірілген қола пайдаланылды», – деді мердігер-фирма басшысы Дулат Шаяхметов.


