Жаңа ұлттық компания құрылды

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа ұлттық компанияның құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  туризм"Үкімет қаулысымен "Қазақ Туризм" АҚ компаниясы құрылды", – дейді Мұхамедиұлы.  Акционерлік қоғамның алғашқы міндеті Қазақстанның шетелдегі турситік әлеуетін арттыру.  Екіншісі – инвестиция тарту. 
"Бұл бізге не береді? Бұл шаруашылық субъектілердің пайда болуына әкеледі. Көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстан туризміне ақша құюға әзір екенін нақты айта аламын, өйткені Еліміздің табиғи ландшафты ерекше", – деп түсіндірді министр. 
"Бюджет бойынша айтарым, бастапқыда қызметкерлер айлық алады, келесі жылдан бастап компания өзін-өзі ақтайтын болады", – деп аяқтады ол. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓