Қосалқы бөлшектерді қолды еткен
Қостанай облысының төрт тұрғыны ауыл шаруашылығы техникасының 18 млн теңге тұратын қосалқы бөлшектерін ұрлады. Бұл туралы Polisia.kz порталы жазады.Қостанайлық полицейлердің қолына түскен күдіктілер үш ай бойы Қостанай ауданы мен Ақмола облысының аумағында бес ұрлық жасаған. Шығын 18 миллион теңгеден асады.
Күдіктілерді ұстау жедел іс-шараларын облыс және Тобыл қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді. Полиция хабарлағандай, өткен жылдың қараша айында Қостанай ауданының полиция бөліміне Владимиров ауылының тұрғынынан сарайдан сиыры ұрланғаны туралы арыз келіп түскен. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер мал ұрлаған күдіктілерді анықтады.
– Владимиров кентіндегі ұрлықтан кейін күдіктілер Светлый Жаркөл ауылында сүзгі жүргізе бастады. Мұнда олардың ауыл шаруашылығы техникаларының бөліктерін қолды қылғаны анықталды. Қаскүнемдер ангарға кіріп, комбайнның дестелегішін және және басқа да қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткен. Сондай-ақ шаруа қожалығының аумағында да егіс кешенінің қосалқы бөлшектері ұрланған. Ұрланған заттардың жалпы құны 13 миллион теңгеден асты, – дейді Қостанай ауданының ҚКП бастығы Ербол Тоқышев.Одан әрі жедел іс-шаралар барысында полицейлер ер адамдардың Ақмола облысында да қосалқы бөлшектерді ұрлағанын анықтады. Антонов ауылынан үптеп кеткен "олжаларыны" жалпы сомасы 5 млн теңгеге тең. Тәртіп сақшылары күдіктілерді көрші облыстан үйлеріне қайтып келе жатқанда жолда ұстады. Төртеуі де Қостанай ауданының тұрғындары, барлығы да бұрын сотталған. Қазіргі уақытта полиция олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстары бар-жоғын тексеріп жатыр.