Тағам талғамсыз болмауы тиіс

«Нұр Отан» партиясы «Мектеп асханаларын жаңғырту» жобасын қолға алды. Партия өкілдері мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануын бақылап,  салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етуді көздеп отыр.IMG_9282
Жетекші партияның өңірдегі  өкілдері, қалалық білім бөлімі мен  денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен бірлесе отырып қаладағы №2 мектеп-лицей шәкірттерімен кездесу өткізді. Басқосуға 2019 жылға арналған балалардың тамақтану сапасын бақылау бойынша ведомствоаралық сараптама тобы да қатысты. Кездесу барысында жұмыс тобы мектеп асханасын аралап көрді. Олар оқушыларға тамақ даярланатын ас бөлме тазалығымен, ас мәзірімен танысып, шәкірттер мен ұстаздар қауымына «Мектеп асханалары» партиялық жобасын жүзеге асырудың тиімді жолдары туралы әңгімеледі.IMG_9302
 
IMG_9334«Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Сұлтанғазин мұндай партиялық жобалардың тек бүгінді емес, ертеңгі күніміздің де жарқын болуына бағытталғанын атап өтті.IMG_9327
 
IMG_9317– Балалардың  дұрыс тамақтанып, саламатты болуы – ең маңызды мәселе. Дегенмен, кейбір мектеп асханаларының жұмысында ас мәзірінен бастап, оның құрамы, қызмет сапасы, тазалығы сияқты негізгі бағыттарда олқылықтар бар екені анық. Осы кемшіліктерді түзетіп,барлық мектептерге ортақ бірыңғай стандарт дайындап, асхана жұмысын сол талаптарға сай жүргізу маңызды. "Мектеп асханаларын" жаңғырту партиялық жобасы бойынша орта білім беретін мекемелердің асханаларында санитарлық ереже талаптарының сақталуын бақылау мақсатында алғаш рет  қаламыздағы  №2 мектеп-лицейінде мониторинг жүргіздік. Тексеру барысында  біз тазалық сақталатынын көрдік. Мектеп асханасының тазалығы мен ас мәзірін қарадық. Бұл  мектепте 1500 оқушы оқиды екен, алайда асхана  ауданы шағын. Бұл балалардың дұрыс тамақтануына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан аладғы уақытта біз осы мәселені шешудің жолдарын қарастырып көреміз. Бірінші жартыжылдықта  барлық мектептерге қадағалау жасауды жоспарлап отырмыз. Ең бастысы – ас мәзіріне ерекше назар аудару керек. Яғни, тағамның сапасы мен санитарлық талаптар мүлтіксіз сақталуы шарт, – дейді Манарбек Сұлтанғазин.IMG_9341
 
IMG_9334Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓