300 автобус – Шымқалаға

Қазіргі таңда Шымкент қаласында күнделікті 1151 маршруттық автобус қатынайды. Олардың көпшілігі мегаполис жолдарында жеті жылдан астам қызмет көрсетіп келеді. Биылғы жылы Шымқаланың автобус паркі Қостанайдың «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өндіріс алаңынан шығарылатын қазақстандық Ankai маркалы 300 дана қоғамдық көлікпен толықпақ.300 автобус
Өткен жылдың аяғында «Shymkent ӘКК» АҚ мен «Аллюр» КТ» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ құрамына кіретін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС ұлттық автокөлік өндіру компаниясы арасында отандық автобустарды Шымкент қаласына жөнелту туралы келісімге қол қойылған еді.
– Қостанайлық автобустар мүмкіндігі шектеулі адамдар мен арбадағы балаларды тасымалдауға арналған пандустармен жабдықталуымен ерекшеленеді. Қоғамдық көліктер барлық техникалық стандарттар мен заманауи талаптарға сай. Тіпті, шанағына тот басудан қорғайтын арнайы катафорез қолданғанын айта кету керек. 56 жолаушы сиятын көліктің ұзындығы 8,5 метр. Қосымша жайлылық пен қауіпсіздік үшін салқындытқыш, бейнебақылау, сондай-ақ салондағы жолаушыларға арналған бейне хабарландырулар жүйесі орнатылған, – дейді «СарыарқаАвтоПром» ЖШС баспасөз хатшысы Г.Нұртазина. 
Қоғамдық көлік «БРК-Лизинг» АҚ-ның оператор болуымен автобуспен тасымалдауды дамыту жөніндегі қаржылық лизинг бағдарламасы есебінде алынғанын айта кету керек. Бағдарламаның шарты бойынша көлікті қаржыландырудың жылдық жүктемесі 7% құрайды. Алғашқы жарналық төлем 15%, ал лизинг мерзімі 7 жыл.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓