Шетелдік автокөлік иесі қазақстандық нөмір алды
Аманкелді ауданы бойынша алғашқылардың бірі болып, шетелдік автокөлік иесі Наурызбай Елеубайұлы қазақстандық нөмір алды.

Наурызбай Елеубайұлы, заңдастыру үшін мемлекеттік алымдар үшін төмендегідей қаражат жұмсаған. Бастапқы тіркеу үшін – 200 000 теңге, техпаспорт үшін – 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін-9 660 теңге.
Міне осылайша Амангелділік көлік жүргізуші алғашқылардың бірі болып Ресейден әкелген автокөлігін есепке қойды . Ол бірнеше сағат ішінде автокөлікті толық тексеруден өткізіп, қазақстандық нөмірлерін алды.
Өз кезегінде азаматтар мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндік үшін зор алғыстарын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, барлық талаптарға сай өз көлігіңізді 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін тіркеуге болады.