Апатты мектеп жоқ

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Облыстағы барлық білім ордалары балаларды қарсы алуға дайын. Өңірде апатты жағдайда тұрған мектеп жоқ. Бұл туралы Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы Әлия Төртқараева журналистермен кездесуде айтты. IMG_6295
Қостанай облысында барлығы 548 мектеп бар.  Аталған білім беру мекемелерін заманауи талапқа сай дайындау үшін 2012 жылы күрделі жөндеу жүргізу туралы жоспар жасалды. Нәтижесінде қазіргі таңда мектептердің 47 пайызы күрделі жөндеуден өтті. Соның ішінде Қарасу ауданындағы Ильичев орта мектебі облыстық білім басқармасының бақылауында. Аталған мектептегі жөндеу жұмыстары үшін 2014 жылы жергілікті әкімдіктен қаржы бөлініп, құрылыс материалдары алынды. Нысанның шатырын жаңарту үшін биыл қосымша 300 мың теңге бөлінді. ремонт школСондай-ақ Қостанай, Қарабалық, Қарасу, Меңдіқара, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларындағы 22 мектептің шатыры жөнделуде. Мұндай жұмыстар 25 тамызға дейін аяқталады. Биыл облыстағы бес білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджет есебінен қаржы бөлінді. Олар: Денисов селосындағы орта мектеп, №1 Қашар орта мектебі, Ұзынкөл ауданындағы «Сәуле» балабақшасы, Науырзым ауданындағы Буревестненская орта мектебі және Жанкелдин ауданындағы Қаратүбек орта мектебі. Тиісті жұмыстар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жүргізіледі. Ал Қарасу ауданындағы Челгашы орта мектебінде күрделі жөндеу басталды. IMG_6311
Арқалық қаласындағы №4 орта мектептің оқушылары биылғы жаңа оқу жылын басқа ғимаратта бастайды. Себебі білім ордасында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал Қаратүбек орта мектебінің шәкірттері уақытша жергілікті әкімдіктің ғимаратында оқиды.  Челгашы орта мектебінің оқушылары ауылдан үш шақырым жердегі Октябрь, Железнодорожный мектептеріне барады. Оқушыларды межелі жерге жеткізу мәселесі өз шешімін тапқан. Облыстық білім бөлімінің басшысы Ә.Төртқараева мұның бәрі уақытша қиындықтар деп отыр. IMG_6317
-Жөндеу жұмыстары кезінде балаларды оқыту мәселесі жергілікті билік және ата-аналармен бірлесе отырып шешілді. Мектептерді жөндеуге бәрі келісім берді. Биылға жоспарланған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Облыс бойынша апатты жағдайда тұрған мектеп атымен жоқ,-деді Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы Әлия Төртқараева.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген: Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓