Жүйріктен жүйрік озар…

Қостанайдағы №3, №4 орта мектептерде жыл сайын өткізілетін пәндік олимпиаданың 2-ші кезеңі ұйымдастырылды.Рисунок1
Қалалық  олимпиадаға мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Тарқатып айтсақ,  №19 орта мектептен 32 оқушының  білімі сарапқа салынды. Нәтижесінде, пән олимпиадасының 2-кезеңіне жалпы 26 оқушы жолдама алды. Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда»,- деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам оқушылардан білім мен ғылымды үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Бұл орайда оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылықтарын дамытуда пән олимпиадаларының маңызы зор.
Олимпиада өз мәресіне жетіп, соңында әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, жүлдегерлер анықталды. Қазақ тілі пәні бойынша  8-сынып оқушысы Нұрлайым Тұңғышбаева, 9-сынып оқушысы Нұрай Жақсыбай,  11-сынып оқушысы Малика Досанова , 10-сынып оқушысы  Әсем  Қаланбекова 2-орынды еншілесе,  9-сынып оқушысы Лаура Пірназароваға1-орын бұйырды. Орыс тілі пәнінен 10-сынып оқушысы  Самал Хайролла, 8-сынып оқушысы Диана Мұхамедова, 9-сынып оқушысы Диана  Қоспанова 2-орындарға ие болды. Математика пәні бойынша 10-сынып оқушысы  Жұлдыз Бекназарова 3-орынды қанағат тұтса, Адам.Қоғам.Құқық пәні бойынша  9-сынып оқушысы Әлфия  Алменова 2-орын, 9 -сынып оқушысы Бейбіт Райымқұл, 11-сынып оқушысы     Сәуле Нұркина 3-орынға ие болды. 11-сынып оқушысы Аружан Шалғымбаева 1-орынды алып өз деңгейін көрсете білді.  Қазақстан тарихынан 8-сынып оқушысы  Нұрсила Сарыбаева , 10-сынып оқушысы Әсем  Мухамадиева 3-орынды еншіледі. Ал 9-сынып оқушысы Аружан Әміржан, 11-сынып оқушысы Саян Тілегенов 1-орынға ие болды.IMG-20181210-WA0115
Оқушыларымыздың толағай жетістігі көңілімізге қуаныш ұялатса, 4 оқушымыз облыстық кезеңге жолдама алып мерейімізді үстем етті. Осы оқушыларымыз сапалы дайындықтың арқасында қаңтар айының басында Қостанай қаласында өткен облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі 1-ші, 2-ші, 3-ші орындарға ие болып, мектебіміздің мәртебесін биікке көтерді. Әрине, "Дарынды ұстаздан дарынды оқушы шығады" демекші, бұл орайда ұстаздарымыздың да еңбегі зор. Олай болса, шәкірттеріміздің білімін шыңдауда еңбегімізді еселей берейік дегім келеді.
        
Гаухар БЕКТЕНОВА,
Рудный қаласы, №19 орта мектебі
директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓