Жалған хабар бергені үшін жаза күшейтілді

Қостанай қаласы прокуратурасының мәліметтеріне қарағанда соңғы уақытта телефон арқылы жалған лаңкестік жасау факті-лері жиілеп кеткен. Әсіресе, жастар осындай әрекетке ойланбай барады. Жыл басынан бергі бес айда Қостанай қаласының аумағында лаңкестік актілері туралы 3 жалған хабар түскен.
телефон
Бұл қоңырау шалулар қандай да бір мақсатсыз жасалған. Ерігіп немесе мас болып телефон шалғандар мұндай жалған шақырулардың салдары қандай боларын ойлана бермейді. Мысалы, 24 қаңтар күні ОІІД жедел басқару орталығының кезекшісіне жарылғыш зат қойыл-ғаны туралы хабар түсті. Дабыл белгісі бойынша қаланың барлық шұғыл қызметтері: құтқару қызметі, кинологиялық қызмет, жедел көмек, ҚР ТЖМ ТЖД өрт сөндіру қызметі, авариялық-диспетчерлік қызмет, жалпы алғанда тоғыз ұйым жарылғыш зат қойылды деген қалалық ішкі істер басқармасына жиналды. Полиция қоңырау авторын анықтап жатқанда, арнаулы қызметтер жедел түрде полиция қызметкерлерін сыртқа шығарды. Ғимаратты қарап шыққанда жарылғыш зат табылмады. Кейін жалған хабар берушінің Қостанай қаласында тұратын жұмыссыз Т.Климов екені белгілі болды. Ол таныстарымен арақ ішіп отырып, Қостанай қаласы ІІБ ғимаратына жарылғыш зат қойылды деп телефон шалған. Жалған хабар берген Климовқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 242 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның қылмыстық әрекетіне байланысты өткізілген іс-шаралардың барысында мемлекеттік ведомстволардың жедел қызметтеріне материалдық шығындар келді.Қала прокуратурасы Қостанай қаласының №2 сотына Климовтан осы материалдық шығынды өндіріп алу туралы талап арыз қойды. Сот Климовты кінәлі деп тауып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Прокурордың талабы толықтай қанағаттандырылды. Қостанай қаласы прокурорының аға көмекшісі А.Финктің айтуынша, қылмыстық заңның жаңа редакциясымен лаңкестік туралы жалған хабар беру үшін жаза күшейтілген. Егер бұрын Қылмыстық Кодексте қылмыстың осы түріне айыппұл немесе 2 жылға дейін түзеу жұмыстары не болмаса 2 жылға бас бостандығын шектеу немсе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылса, енді заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленуі мүмкін. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, 7 маусым күні Қостанай қаласы Аманкелді кенті Ленин көшесінде жарыл-ғыш зат қойылған деген хабар түсті. Тағы да арнаулы қызметтер әбігер болып, "оқиға" болған жерге жетті. Факті расталмады. Жалған хабар берушіні қандай жаза күтіп тұрғанын байқаған шығарсыздар…
Мнауара ҚАБДРАХМЕТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓