Әке көрген оқ жонар
Полиция қызметкері қоғамда құрметке ие. Сондықтан, бұл қызметке көптеген жасөспірімнің қызығыатыны заңдылық. Тіпті, өз адал ісімен қоғамға пайдасын тигізіп, адам құқықтарын қорғаған әке мен бала, яғни әулетімен сақшы қатарында болған отабсылар аз емес. Солардың бірі – Жайсан Айтмұхан, Амангелді ауданының Пб тергеу бөлімінің тергеушісі.
Жайсанның әкесі Қаржауов Асхат та – полиция подполковнигі. Әділдік үшін күресіп, қиын жағдайда қалған адамдарға барынша көмектесіп, халықтың ризашылығына бөленген жан. Ол еңбек жолын 1993-2001жылдары тергеуші болудан бастаған. Жайсанның әкесі де білім-іскерлігін шыңдап, 2001-2009 жылдар аралығында Амангелді ауданы полиция бөлімінде тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. Адал атқарылған еңбектердің нәтижесінде 2009 жылы еңбек демалысына шыққан. Қазіргі таңда жоғары білімді қорғаушы болып жұмыс істейді.
Жайсан бала кезінен әкесінің қызметіне қанығып, қызығушылық өскен. Сондықтан сол кісі сияқты полиция қызметкері болуға талпына отырып, алдына үлкен мақсат қояды. Ол-әке жолын қуып, ел тыныштығын қорғау қызметіне келеді. Қазіргі таңда Аманкелді ауданының полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі. Осы қызметі арқылы бала кездегі мақсатының алғашқы баспалдағына қадам басып отыр.
Полиция қызметкерінің басты ұстанымы – өз ар-ожданының алдында таза болу, қандай қиындықтар, кедергілер болса да шыдау керектігін айтып, өз сенімін білдіреді.
Мақсат – халықтың полицияға деген сенімен арттыру. Үлкен сенімге ие болу үшін қылмысты дер кезінде ашу,оның алдын алу үшін профилактикалық шараларды жүргізу, басқа да бізге міндеттелген жұмыстарды жүйелі – Жайсанның жұмысы.
-Алдағы уақытта күтіп тұрған көптеген қиындықтарға қарамастан, өзімнің халқыма қызмет ететін полиция мамандығын бекер таңдамағаныма сенімдімін. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, өз ісімнің білікті маманы болу үшін бар күш-жігерімді салатын боламын, сондай-ақ, мен үшін әділдік пен адалдықтың үлгісі бола білген әкемнің үмітін ақтаймын деп өз-өзіме уәде еттім!-дейді Жайсан.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Молодец Жайсан жемисти бол.