“Мейірім керуені” жолға шықты

Қазақстан халқы ассамблеясы кезекті рет "Мейірім керуені" дәстүрлі қайырымдылық акциясын бастады. Бұл туралы Sputnik сайты хабарлайды.blagotvoritelnostОсы жылдың қаңтар айында ҚХА өкілдері акция аясында мұқтаж қазақстандықтарға "Сарқыт" сыйлық пакеттерін үлестіреді. Қайырымдылық шарасының әр айы қазақтың әртүрлі дәстүрлеріне арналатын болады. Мәслен, қаңтар айы "Сарқыт" слоганымен өтсе, ақпан – "Сыбаға", наурыз – "Шашу", сәуір – "Асар", мамыр – "Қамқор" және өзге де айлар өзіндік айдарға ие болады.
Ассамблея өкілдерінің айтуынша, 2018 жылы осы акция аясында 2,5 млрд теңгеге мыңдаған аз қамтылған қазақстандыққа жәрдем көрсетілген. Биыл шара барлық өңірдегі Достық үйлерінде өткізіледі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓