Төзім тілекке жеткізеді

Қазір тек қазақ халқы емес, бүкіл әлем жұртшылығы кенеттен пайда болған індетпен күресіп жатыр. Осындай сәтте біз сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарды ұмытпай, жағдайларын жасап отырған биліктегілерге, ерікті жастарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жақында үйіме волонтерлер келіп, қажетті азық-түліктерді, гигиеналық заттар тапсырып кетті. Олар бұл тірліктерін атақ үшін емес, көпке үлгі болу үшін жасайтынын айтады. Қиын сәтте қолда бармен бөлісу әркімнің борышы дейді санайды. Билік халықты санатына қарай бөлмейді. Қоғам алдында бәріміз теңбіз. Карантин уақытында тағы бір көмек әкімдіктен берілді. Күні кеше мен тегін азық-түлік себетін алатындардың қатарына ілігіппін. Осы үшін жергілікті атқарушы билікке рахметімді айтамын. Президентіміз мұқтаж отбасылардың азық-түлік ала беретінін айтты ғой. Біз тек билікті тыңдап, айтқандарына көнейік. Төзім тілекке жеткізеді. Сондықтан сабыр сақтайық. Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Үйде отырайық. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін. Әсіресе, созылмалы егде кісілер ерекше сақ болуы керек.
5d8de107ae5ac9364b1dbcec
Қашанда осылай ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Оған ешқандай күмән жоқ. Мұны Қасым-Жомарт Кемелұлы да айтты. Сондықтан, тағы да айтарым, сақтық шараларына мән берейік. Бұлардың бәрі біздің денсаулығымыз үшін жасалып жатқанын ұмытпайық!
Камила Тағаева,
Қостанай қаласының тұрғыны

 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓