Тілім – бақытым

Тіл – қай ұлтта да, қай елде де қастерлі, қадірлі. Ол әрбір адамға ана сүті арқылы беріледі. Әр адамның өз ана тіліне деген құрметті сезінуі – қасиетті борышы.тіл
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі. Бабамыздан қалған бұл тіл  ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан түркітілдес елдер арасындағы өте бай тіл.
Қазақ халқы сөзге үлкен мән берген халық. Тәрбие мәселесіне келсек, тілдің атқаратын рөлі орасан зор екенін көреміз. Ата-бабаларымыз осы бай тілімен бесіктегі әлдиінен бастап, бала бойына отаншылдық, елжандылық, адамгершілік, көрегендік сияқты құнды қасиеттерді сіңірген. Небір шешілмейтін дау-дамайды да осы тілдің құдіретімен тоқтатқан. Ханға да, қараға да тоқтау болған – сөз. Оны әдеби мұралардан талай оқып-білдік. Ақын-жырауларымыз ұрпаққа осы тіл арқылы өнеге қалдырған. Халқымыз тіл арқылы мәдениетін, әдебиетін өрбітіп, кемел байлықты ұмытпай, бүгінгі ұрпаққа жеткізген.
Тіл байлығымыз – қазақтың ұлттық мақтанышы. Қазақ тілі мәртебесін асқақтату – келешек ұрпақтың міндеті. Ал өскелең ұрпақтың бойына сол қасиетті дарыту, ой-санасына қалыптастыру – біздің міндетіміз.
Тіл жанашыры – ұлт жанашыры. Тілге жанымыз ашымаса, елін, Отанын, халқын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу екіталай. Болашағымызды баянды ететін қаруымыз – тіліміз.
Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Мемлекеттік тілді меңгеру – еліміздің әрбір азаматының борышы. Ол тұлғаның жеке бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге атсалысудағы белсенділігін айқындайды. Елімізде мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері де жеткілікті. Мысалы: Геннадий Шиповский, Мая Веронская, Оксана Лоскутова, Оксана Петерс, т.б. Бұл өте қуантарлық жағдай екені сөзсіз. Біз өзге ұлт өкілдеріне өзіміз үлгі көрсеткен жағдайда ғана тілдің даму деңгейіне зор үлес қоса аламыз.
Тіліміздің қолдану аясы қарқынды дамыса, еліне, жеріне ұлтжандылықпен қарайтын ұрпағымыз болса, Қазақстанның болашағы жарқын боларына кәміл сенуге болады. Елбасымыз айтқандай, еліміздің болашағы жастардың қолында.
Осы тұрғыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті де тіліміздің дамуына өзінің зор үлесін қосуда.
Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындауда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жоспардың әр тармағы бойынша да, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау жөніндегі іс-шаралардың да маңыздылығы ескеріле отырып, департаменттетұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі, іс- шаралардың өткізілуіне  әр жеке құрам белсене ат салысады.Сонымен қатар қала бойынша да тілге қатысты болып жатқан барлық іс-шаралардан департамент тыс қалмайды.
 
   О.С. Нұрғалиева,       
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің
аударма бойынша редакторы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓