Асықта бар қасиет

Қазақ  халқы асықты  ұлттық ойын түрлерінен басқа бал ашу үшін де қолданған. Ертеректе жазушы Сейіт Кенжеахметұлының анасы Сәлима Құтыгелдина кішкентай Сейітін ертіп, Торғай қаласының орталық көшесінде келе жатады. Жол-жөнекей топыраққа жартылай көмулі жатқан асықты көріп: "Сейіт, қарағым, ана асықты қазып алшы", – деп жерден алдырады. Орысша-қазақшаға жетік,  діни сауатты әжеміз асықты  тазалап  қолына ұстап тұрып "Иә, құдай  жалғызым  Сейіттің  жолына  үйіріп тастайын, жолын ашып назарына алатын болсаң  "алшысынан"  түсір", –  деп үйіріп  тастап кеп жібергенде асық  алшысынан  түскен екен.
Асык2 цв
Сәлима әжеміз асықтың алшы түскенін жақсылыққа жорып: "Әп, бәрекелді, құдай тілеуімді  берді, жолың ашылып, бағымыз жанатын болды. Асығымыз алшысынан түсті", – деп сол асықты орамалына орап, осы кезге дейін сақтапты.
Бұл өмірде болған бір ғана мысал. Бұрын қазақ  алыс сапар-ға шығарда, сапарда жолы  қалай  болатынын, бастаған  ісінің сәті қалай  болатынын асық үйіріп  тастап, асықтың қалай түскенінен болжайтын болған. Мысалы, 4 асықты үйіріп шашып жібергенде егер 4 асық алшы түссе, не тәйкі, не бүге, не шіге болып қатарынан түссе, не әр қайсысынан бір-бірден түссе  мұндай  түсуді  "құмар"  деп атайды. Бұл жағдайда "ісіңнің  алға басқаны, жолың ашылғаны" деп жақсылыққа  жориды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓