А.Мұхамбетов: “Биыл жол жөндеуге 43,7 млрд теңге бөлінді”
2019 жылы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін қайта жаңғырту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүргізуге 37,3 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы аймақ басшысы халық алдында есеп беру жиынында айтты.
Жергілікті маңызы бар автожолдарында 14,5 млрд теңгеге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, жалпы көлемі 514 шақырым автожол жөнделді.
"Өткен жылы біз үшін «Қостанай» әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғыртуды аяқтау маңызды оқиға болып табылады. Жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы 300 метрге (2 814 м) және ені 15 метрге (60 м) ұзарды, бұл аэродромда жалпы салмағы 200 тоннаға дейінгі ұшақтардың барлық түрлерін қабылдауға және пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл әуежайға республика қалалары арасындағы ұшу бағыттарын ұлғайтуға және халықаралық қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Әуе кемелерінің тұрағы үшін аэровокзал ғимаратының алдында ауданы 16,3 мың шаршы метр перрон да салынды. «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасы шеңберінде жобаларды іске асыруға 2019 жылға 19 көшені жөндеуге 658,0 млн. теңге бөлінді (3 көше – Әулиекөл ауылы, 3 көше – Қарасу ауылы , 7 көше – Боровское ауылы, 5 көше – Федоров ауылы, 1 көше – Сарыкөл ауылы). Барлық жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында, күзгі тексеру қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 69,0% немесе 5 434 км құрады, 2018 жылғы үлесінен 3,0 проценттік тармаққа асып түсті", – деді облыс әкімі.
Биыл осы мақсаттарға 43,7 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарға – 6,4 млрд теңге, облыстық маңызы бар жолдарға – 13,9 млрд. теңге, аудандық маңызы бар жолдарға және елді мекендердегі көшелерге – 23,4 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, бүгінгі күні 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітілді, онда Мемлекет басшысының облыстық және аудандық маңызы бар, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 2025 жылға қарай 95%-ке дейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау негізгі міндет болады. Осыған байланысты жыл сайын жолдарды жөндеуге кемінде 20,0 млрд теңге бағытталады және осы кезеңде шамамен 2 мың км автожол (жылына 500 км) жөндеумен қамтылатын болады.
"Осыған байланысты, республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен тепе-тең негізде 50/50, яғни, 10 млрд теңгеден, жалпы 20,0 млрд теңгеге қаржыландырылатын учаскелердің тізбесі бекітілді. Бұл 2020 жылы 606 км автожолды жөндеуге мүмкіндік береді. Аудандық маңызы бар жолдарда Амангелді, Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Федоров аудандарында, сондай-ақ Арқалық қаласында жөндеу жүргізу жоспарлануда", – деп жоспармен бөлісті аймақ басшысы.