Жазылғандар үлесі 63%-ға артты
Қазақстанда сырқаттанғандар санынан жазылғандардың үлесі 63,8%-ды құрады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.2020 жылғы 1 шілдеден 25 шілдеге дейін:
– COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4% – дан 2,1%-ға дейін төмендеді;
– жедел жәрдем шақыру 35% – ға қысқарды, оның ішінде КВИ бойынша 37%;
– реанимациялық төсек-орындармен қамтамасыз ету 73% – дан 57%-ға дейін төмендеді;
– провизорлық және инфекциялық стационарлардың жүктемесі 54%-ға дейін азайды;
– жазылып шыққандардың саны 63%-ға артты