Махартова өлімі: іс сотқа жетті

Қостанайда өлі табылған 18 жастағы Дарья Махартованың өлімі бойынша іс сотқа келіп түсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. махартова Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 25 желтоқсанда Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Р.Ю. Ажановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 120-баптың 2-бөлігі, 1-тармағы, 99-баптың 2-бөлігі 5,7,10-тармақтары бойынша, А.А.Шевченкоға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы, 121-баптың 2-бөлігі, 1,2-тармақтары, 99-баптың 2-бөлігі 5,7,10-тармақтары бойынша қозғалған қылмыстық істер келіп түсті.
Еске салайық, іс-түссіз жоғалған Затобол ауылының 18 жастағы тұрғыны Дарья Махартованың денесі 21 шілдеде Қостанай облысының шетінде табылған болатын. Іс бойынша екі күдікті ұсталған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓