Назарбаев зияткерлік мектебінде оқығыңыз келе ме?

2014-2015 оқу жылында Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебіне 8, 9 сыныптарда білім алуға  оқушылар үшін қосымша іріктеуге конкурс жарияланды.
2014 жылғы 20 қыркүйекке дейін құжаттар қабылдайды. Мекенжайы: Қостанай қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 118, (Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты), телефоны: 39-26-21.
мектепКонкурстық іріктеу кезеңдері 2014 жылғы 12 қазан мен 20 қазан аралығында өтеді. Конкурстың өту мекенжайы және уақыты 2014 жылғы 1 қазан күні  www.nis.edu.kz  веб-сайтында жарияланады. Ал, конкурстық іріктеу туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz  веб-сайтынан көруге болады.  Сонымен бірге конкурстық іріктеуден өткен оқушылар жаңа мектеп ашылғанға дейін 2014-2015 оқу жылының  1 қыркүйегінен өз мектептерінде оқуды жалғастырады. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебіне республикалық комиссия шешімі негізінде  "Өркен" білім беру гранты тағайындалғаннан кейін қабылданады.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓