Аттестаттаудың форматы жаңарды

Биылдан бастап педагогтарды аттестаттаудың тәртібі өзгерді. Жаңа формат мамыр айында қолданысқа енгізіле бастады. Ұлттық біліктілік тестілеуінде жақсы нәтиже көрсеткен педагог аттестаттаудың екінші кезеңіне өтеді. Мұндай жаңашылдық облыс ұстаздары арасында қызу талқыланған болатын.
-Жаңа жүйе педагогтарға таңдау жасауға және жалақыға қосымша 30-дан 50%-ке дейін ақы алуға мүмкіндік береді. Бұрын мұғалімдер жылына бір мәрте аттестаттаудан өте алатын. Жаңа жүйе бойынша жылына екі рет өтуіне рұқсат. Мамыр айында болған ұлттық біліктілік тестілеуіне облыстың 2760 ұстазы қатысты. Соның 1962-сі тестілеуден өтті,-деді Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова журналистермен кездесуінде.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓