Мерейлі отбасы қолдау күтеді

"Мерейлі отбасы" байқауы біздің облысымызда да ұйымдастырылған болатын. Өңіріміздің әр жерінен келген үлгілі отбасылар бақ сынасып, көпшіліктің алдында өздерін таныстырды. Үздік болып Жаңбыршыновтар отбасы көрінді. Көпке сыйлы, өнегелі жанұяның отағасы Зейнолла Жаңбыршынов Әулиекөл ауданының азаматы, "Москалев" ЖШС директоры, ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген ғалым. Енді Жаңбыршыновтар жанұясы республикалық "Мерейлі отбасы" байқауында Қостанай облысының атынан барып, намысын қорғамақ.
Осы орайда сіз бен біздің тарапымыздан қолдау қажет. СМС жіберіп, интернет дауыс беруге асық болғанымыз жөн. СМС жіберу үшін 6284 нөміріне 7 кодын теріп немесе қалалық телефоннан 8 803 080 00 07 нөміріне телефон шалсаңыз болғаны. СМС те, телефон шалу да тегін. Сонымен қатар өз дауысыңызды kaztube.kz. сайты арқылы да беруге болады.
Дауыс беру уақыты 16 қыркүйекке дейін. Асығыңыз, мерейлі отбасына қолдау көрсетейік.
Айтолқын
Айқадамова