Әйеліне заңсыз қолдау көрсеткен

Қостанайлық мемлекеттік қызметші мемлекеттік сатып алулар кезінде өзінің әйеліне заңсыз қолдау көрсеткен, – деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне сілтеме жасап. ФОТО-СОТ-1 (1)Департамент мамандары мемлекеттік сатып алудағы шектеулердің орындалуына қатысты үнемі тексеріс жүргізіп отырады. Сондай тексерулердің бірінде Әулиекөл ауданы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөліміне тиесілі «Мерей» МҚК басшысы В.Лыфарьдың тәртіп бұзғаны анықталды.
«Белгілі болғандай, «Мерей» МҚК директоры А.В Лыфарь өзінің әйелі басқаратын «Әулиекөл-Сервис» ЖШС-на мемлекеттік сатып алулар кезінде заңсыз қолдау көрсеткен. Ол 2017 жылдың шілде айынан 2018 жылдың мамыр айына дейін 7 302 872,74 теңге болатын 11 мемлекеттің сатып алу бойынша келісімшарт жасаған. Оның ішінде 8 келісімшарт техникалардың қосалқы бөлшектері немесе оларды жөндеуге байланысты іске асқан. Бірақ, «Әулиекөл-Сервис» ЖШС-ның негізгі жұмыс бағыты қалдық заттарды өңдеу мен жою болғаны анықталды», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Осылайша, «Мерей» МҚК директоры А.Лыфарь «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын бұзып отыр. Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы департамент хатының негізінде Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Мерей» МҚК директоры А.Лыфарьды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған 50 айлық есептік көрсеткіш (120 250 теңге ) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар оған қатаң сөгіс берілді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓