600 мың теңге айыппұл өндірілді

2018 жылы облыс көлемінде тоқсан сайын "Борышкер" жедел алдын алу шарасы жүргізілді. 24 желтоқсанда басталған операцияға полицейлер, прокуратура қызметкерлері және сот орындаушылар қатысты. Жедел топтар құрылды. Бұл жайында облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.p_sfj-XJTngҚалалық полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімі басшысы Серік Әбдіқалықовтың айтуынша, "Борышкер" операциясы құқықбұзушыларды әкімшілік айыппұлдарынан жалтарғандары үшін жауапкершілікке тартуға бағытталған. 
"Рейдтік шараны өткізу кезінде сот орындаушылар біздің қызметкерлермен бірлесіп, борышкерлердің тұрғылықты мекенжайына барды. Оларға әкімшілік айыппұлдарын өтеу керектігі туралы ескертпе жасалды. Сондайа-қ, тәртіп сақшылары арнайы бағдарламаны қолдана отырып, ереже бұзушы автокөлік иелерін де тоқтатып ескерту хаттарын берді. Егер төлеуден бас тартса, көлігі айып-тұраққа тоғытылады", – деп түсіндірді ол.
Айыппұлдарды мәжбүрлі түрде төлетудің тағы бір тәсілі – борышкердің жұмыс орнына ақпарат жіберу. Мұнымен жеке сот орындаушылар айналысады. Операцияның алғашқы күнінде 110 ескертпе хат таратылған. Барлығы 7486 қаулы енгізілген. Оның сомасы 75 млн теңгеден асып жығылады. 600 мың теңгеден астам айыппұл өндірілді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓