Көркею жолындағы көрсеткіштер

Биыл облыста елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған 131 жоба қолға алынды. Оның аясында 820 шара қамтылып, 4,6 млрд теңге қарастырылған. Аталған сома – бюджеттің және меценаттардың қаржысы. Әсіресе, кіші бағдарламалардың қадамы нәтижелі.675621ed6dc5599cbc3bceabbe98a1ae
Ішкі саясат басқармасының мәліметіне сәйкес, желтоқсандағы жағдай бойынша, 97 жоба аяқталған. Оның барлығы "Тәрбие және білім", "Рухани қазына" кіші бағдарламаларына тиесілі. Бұл жобаларды іске асыру аясында жалпы құны 2800,1 млн теңге болатын 697 іс-шара ұйымдастырылған.
– "Атамекен" кіші бағдарламасын жандандыру үшін де ауқымды жұмыс атқарылды. Мұның аясына "Жүректен жүрекке", "Көркейе бер, Қостанай!", "Рақмет саған, Туған ел", "Облыстық ресурстық орталық", "Мен еріктімін" кіші жобалары бар. Соңғысына басқасын іске асыру ішкі саясат басқармасының жауапкершілігінде, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы З.Байменова.
Айталық, облыстық маңызы бар "Көркейе бер, Қостанай!" кіші жобасы табысты ілгерілеуде. Осы жылы тізімге ілінген 4 168,2 млн теңгенің 159 жобасының аяқталмағаны – бесеуі ғана. Келер жылы екі жоба – Қостанайдағы ұлттық-мәдени орталықтың құрылысы мен Арқалықтағы №5 жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеуі тізімді толықтырады.
Ал өңіріміздің тұлғаларын насихаттауды көздейтін "Рақмет саған, Туған ел!" кіші бағдарламасы аясында биыл әр салада жетістікке жеткен елге белгілі 27 азамат өз туған жерлерінде шеберлік сабақтарын, кеңестер мен семинарлар өткізген.
"Ақпарат толқыны" кіші бағдарламасы ықпалымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу сәтті іске асқан. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында биыл 88 млн теңге бөлініпті. Оның 60 млн теңгесі – облыстық бюджеттікі, қалалық, аудандық әкімдіктен 28 млн теңге қарастырылған. Осы айға дейінгі көрсеткіш бойынша, республикалық, облыстық және аймақтық БАҚ-та барлығы 5440 материал жарық көрген.
Бағдарламаларды іске асыруға 212 меценат жұмылдырылғанын да айта кету керек. 
 
Сурет интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓