Сарғайса да тарихтың парағы…

    Уақыт тым жылдам. Кешегі аталармыз қатысқан 1941-1945 жылдарғы неміс-фашистерге қарсы Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске  биыл міне, 70 жыл  толады.  Олардың сол  қан-төгіс соғыста көрсеткен ерліктері мен жанкештіліктері ұмытылмай тарих қойнауында қалары да, бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге болары да ақиқат. Сондай  тағылымы мол кездесу кештің бірі  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика факультетінде болды. Студент жастар соғыс ардагері Иван Котелевский кездесіп, келелі әңімесін тыңдады.ардагер
     Кездесуді экономика факультетінің деканы Н. Қабдрахметов ашып, ардагер аталарымыздың  неміс басқыншыларына қарсы соғыста көрсеткен ерліктері  ел жадынан шықпайтындығын, толарсақтан саз кешіп Жеңіс күнін әкелгенін,  олардың қажырлы еңбектері мен ерліктерін таныстыру үлкен перзенттік парыз екенін,  ұрпақ сабақтастығы үзілмей, тарих  қойнауында қалып қоймай, әрі қарай жалғастыратын осы студент-жастар екенін айтып өтті.
   Айта кетері сол, соғыс ардагері Иван Котелевский І дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз»,  «Даңқ» ордендерінің иегері, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германия түбіндегі жеңісі үшін» және мерекелік медальдарымен мараптталған. Ардагер Орталық, 3-Беларус майдандарында соғысқан екен. Әскери дәрежесі- қатардағы жауынгер, барлаушы. Жеңіспен оралған жауынгер бейбіт өмірде құрылысшы, химия талшығы зауытында  аға мастар болып жұмыс істеді.
   Ардагер өз әңгімесінде  қай соғыс болмасын өзіндік ауыртпалығы болатындығын,  қаншама ана баласынан, отбасы тірегі күйеуінен айрылса, қаншама бала әкесін көрмей жетім өскенін, соғыстың сұрапыл жылдарында қаншама елді-мекендер қирап қалғаны туралы, соғыс әр отбасыға  жазылмайтын жара салғаны, ұлы Жеңістің батырлық пен батылдықтың, көзсіз ерлік пен қайсарлықтың, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбектерінің нәтижесінде келгенін   айтты.
– Сондықтан да  бүгінгі жастарымыздың басты міндеті білімді болып, ел тұғырын берік ұстау, Отанын сүйіп, елінің, жерінің адал патриоты болу, бірлікті, татулықты дәріптеу,- дейді қарт жауынгер өз сөзінде.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓