Бір тал кессең…

Қостанай қаласы полициясының учаскелік инпекторлары орман қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, жаңа жыл алдында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, саудалау әрекеттерінің алдын алуға бағытталған рейдтік шаралар өткізуде. IMG_5665
"Шырша" атты дәстүрлі жедел алдын алу шарасы 11 желтоқсанда басталды және ол жыл соңына дейін жалғасады. 
"Біздің мақсат – қарағай мен шыршаларды заңсыз кесу жәйттерінің алдын алу, сондай-ақ оларды саудалау нүктелерін тексеру. Учаскелік инспекторлар биыл қатаңдандырылған тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Өйткені ондай сауда нүктелері жыл сайын көбейіп келеді", – дейді жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Әлібек Бермұқанов. IMG_5660
Абырой болғанда, бүгінгі таңға дейін заң бұзушылық тіркелген жоқ. Ол да түсінікті, шырша сатушы кәсіпкерлер ережеден аттаудың артық пайдасынан гөрі, арқалар айыппұлының аса ауқымды екенін біледі. Мәселен, жеке кәсіпкер Евгений Пак жаңа жылдың "жасыл сұлуларын" жыл сайын Қостанайға Челябіден әкеледі екен, өйткені біздің елдің аумағында шырша кесуге қатаң тыйым салынғанынан хабардар. Нәпақаны адал табуды өзге де әріптестеріне кеңес етеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓