Міндеттерін мінсіз атқарғандары үшін

Қостанай облысының полицейлері ТЖ режимі кезіндегі мінсіз қызметтері үшін облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтің қолынан марапат алды. – Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мемлекет, ішкі істер министрлігі алдыңғы шепте жүргендерді қолдау үшін барлығын жасауда, – деп атап өтті ПД бастығы алғы сөзінде.
Төтенше жағдай кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін өрт сөндіру қызметінің қызметкері, подполковник сейтсаруар Көлбаев және 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сержант Талғат Тұрғанов пен кіші сержант Рустам Ақтанов грамоталармен және ведомстволық сағаттармен марапатталды.Облыс полицейлері –  полиция майоры Серік Исимбаев, аға лейтенант Олег Рожков, капитан Әнуар Ибраев және полиция сержанты Бауыржан Сәрсенбеков марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің марапатына Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полковник Асылбек Әлмағамбетов пен Қарасу аудандық полиция бөлімінің бастығы подполковник Ерлан Рахимов лайық деп танылды.5 қаңтарда полицейлер Алматы қаласында ҚР ІІМ Алматы академиясының құрама жасағының құрамында болды. Полиция қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаментінің ғимаратына қарулы шабуыл жасаған кезде батылдық пен ерлік көрсетті.Департамент басшысы ұдайы жергілікті атқарушы билік полицияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлетінін атап өтті.
– Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері міндеттерін мінсіз атқару үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған, оның ішінде жағдай күрт күрделенген кезде сақшылар сақадай сай тұрады. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ТЖ кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлерін қолдау туралы шешім қабылдады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері алдағы уақытта да лайықты қызмет атқаратынына сенімдімін, – деп атап өтті Б.Аймағамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓