Шойын жол ойын жолы емес

Қостанай вагондарды пайдалану депосы Құсмұрын станциясының тексерушісі Сергей Потибенко жүк вагонының ақауын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 20181221162604
Ол вагонның бүйір рамасына жарықшақ түскенін анықтады. Жарықшақ қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, айтарлықтай зардаптарға алып келер еді.
Салада 30 жылдай жұмыс істеп келе жатқан теміржолшы Сергей Потибенконың айтуынша, оның жұмысы пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
«Тексеру кезінде біз арбалардың «екпініне», рычагтық берілістің сықырлауына ерекше назар аударамыз. Серіппе жинағын, қос дөңгелектің біртегіс сырғуын және өзге де жайттарды бағалаймыз. Тәжірибе арқылы ерекше машық қалыптасады. Біз дыбыс арқылы вагонның техникалық «денсаулығын» анықтай аламыз», – деп атап кетті С.Потибенко.
Жарықшақ пайда болған бүйір рамасы 2013 жылы Кременчуг құрыш құю зауытында әзірленген. Вагон иесі – «Трансфин-М» ЖАҚ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓