Қонақжай қазақ халқына алғыс айтты

Көктем айының алғашқы күнінде республика халқы Алғыс айту күнін атап өтті. Атаулы күнге орай облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. IMG_0175Достық үйіне жиналған әртүрлі этнос өкілдері ұлттық киімдерін киіп келіпті. Ғимараттың екінші қабатында фотокөрме ұйымдастырылды. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының бетке ұстар тұлғалары туралы ақпаратқа қанық боласыз. Тарихтан сыр шертетін көне кітаптар, ұлттық музыкалық аспаптар да көрмеге қойылған.  IMG_0182Салтанатты шараның ресми ашылуы еліміздің Әнұранымен басталды. Облыстағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері сөз алып, Алғыс айту күнінің маңызына тоқталды. Күнтізбедегі жаңа мерекенің 1 наурызға белгіленуі бекер емес. Дәл осы күні Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылған болатын. Ассамблея – мемлекетімізді мекендеген барша халықты біріктіретін бір ден бір ұйым. IMG_0189-Биыл елімізде үлкен мереке, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осы уақыт ішінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыған, халықаралық қауымдастықта абыройы мен беделі артқан қуатты мемлекетке айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дана, сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміз бейбітшіліктің мекеніне айналды. Бір шаңырақтың астында басқосқан 130 этнос өкілдері татулық пен достықтың тірегіне айналды. Осы баянды тірліктің нығаюына Қазақстан халқы Ассамблеясының қосар үлесі зор,-деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.IMG_0133Мерекелік іс-шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
IMG_0145

IMG_0160Эльбрус ТИМАЕВ, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі:
-Тарихта қалған қиын кезеңдерде менің халқым қазақ даласына келіп, бауыр басты. Пана іздеп келген көпшілік қазақ халқының мейірімін сезінді. Қасиетті мекенімізге айналған қара шаңырақ, Қазастанда жүріп қайырымдылық қасиетінің шексіз екеніне куә болдық. Бүгінде біз өзіміздің ана тілімізде сөйлеп, ұлттық дәстүрімізді насихаттай аламыз. Мұндай мүмкіндік Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында туып отыр. Этносаралық достық пен қоғамдық келісім салтанат құрған мемлекетімізді менің Отаным деп мақтанышпен айтамын. Біз бірліктің, түсіністіктің арқасында әлемге үлгілі мемлекетті құрдық. Бір-бірімізге деген сенімнің арқасында қиын кезеңдерді артқа қалдырдық. Жер бетінде мәңгілік жасайтын ел болса ол – Қазақ Елі.

IMG_0186Марина ЛЯН, корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары:
-Әр адамның өз Отаны бар. Отан деп туып өскен, тәрбие алған жерді айтар едім. Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің көркем табиғатын, татулығы жарасқан халқын мақтан етемін. Еуразия жүрегінде орналасқан мемлекетіміз бірліктің бесігі іспеттес. Себебі республика аумағында 130-дан астам этнос өкілі өмір сүріп жатыр. 
1937 жылы өзге этнос өкілдері қазақ даласына жер аударды. Сол топтың ішінде менің де аталарым бар еді. Жер аударған халықты қонақжай қазақ отбасылары құшақ жая қарсы алды. Сол уақыттан бастап біздің отбасымыз қазақ халқына мың да бір алғыс айтумен келеді. Ризашылықтың мұндай үлгісі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек. Мереке құтты болсын!
IMG_0216
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓