Қастерлі күнге құрмет

Қостанайдағы «Жайлаубай ата» мешіті бүгінгі таңда тек діни ғибадатхана ғана емес, жұртшылықты түрлі мәдени-рухани шараларға жинайтын бұқаралық орынға айналған. Мұнда елдің игі жақсыларының басын қосып, кейінгі жастарға үлгі боларлық айтулы жиындардың жиі өтуі құптарлық іс. Оған азаттығымызға қол жеткізген қастерлі айда қалалық мешіт пен Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұжымының «Тәуелсіздік – ел тілегі, Елбасы – ел тірегі» атауымен бірлесе ұйымдастырған кеші дәлел._DSC0711
 
_DSC0793
_DSC0571Белгілі ақын, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ профессоры Серікбай Оспанұлы,  экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері Ибраш Естаев шараға шақырылған студент жастарға қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізген тәуелсіздігіміз Қазақстан үшін абырой, әлем үшін өнеге деп атады.
– Желтоқсан толқуы бұрқ ете қалғанын мен Қамысты ауданының Бестау кеңшарында директор қызметінде жүргенде естідім. Оның өзінде бізге ақпарат бұрмаланып жетті. Бірақ оның ақиқаты кейін ашыла бастады. Бірақ 1991 жылы жалпақ жұртқа парасатты шешім қабылдау арқылы дүние жүзінің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылуға болатынын айғақтап бердік. Жылдар ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан айтып жүруге тиіспіз. Тәуелсіздік мерекесін еліміздің барлық азаматтары орны айрықша қуаныш деп білу керек, – деді И.Естаев._DSC0630
            Кітапхананың бөлім меңгерушісі Айгүл Минасова бастаған қызметкерлер Тәуелсіздік және Елбасы жайында жарыққа шыққан кітап көрмесін ала келген екен.
– Осындай құнды материалдар қатарына Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының қосылуы заңды. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының кіріспесінде Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық  жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп мазмұнын айқындап береді. Кітап әдеби де, публицистикалық та стильмен анық, жан-жақты жазылған. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын саяси антология десек, қателеспейміз, – деді А.Минасова._DSC0734
 
_DSC0670Сондай-ақ, олар Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің ату жазасына кесіліп тұрған сәтін сомдап берді. Кеш соңында барша шақырылған қонақтарға арналып дастархан жайылып, қалалық мешіттің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтардың рухына құран бағыштады.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓