Ұн өндірісі ұлғайып келеді
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде ұн өндірісі және оны экспорттау мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
Аймақ басшысы жиында облыстың астықты қайта өңдеу саласының өндірістік әлеуеті бар екенін баса айтты.
"Қолда бар ұн тартатын 45 кәсіпорын жылына 2 млн тоннаға жуық астықты қайта өңдеуге қабілетті. Облыс тұрғындары ұн, макарон және нан-тоқаш өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. Соңғы жылдары 10-нан астам жоғары технологиялық диірмен кешені іске қосылды. Ұн өндіру көлемі жылына 1,0 млн тоннадан, кебек 350 мың тоннадан асады", – деп жазады облыс әкімі "Инстаграм" желісіндегі парақшасында.
Ол кеңес қорытындысында жұмыс орындарын сақтай отырып, ұн мен кебек өндірісін тұрақты қамтамасыз етуді тапсырған.
Ол кеңес қорытындысында жұмыс орындарын сақтай отырып, ұн мен кебек өндірісін тұрақты қамтамасыз етуді тапсырған.
Айта кетейік, бүгін А.Мұхамбетов облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сессиясындағы баяндамасында облыста ұн өндірісінің экспорты жыл басынан бері 26%-ке ұлғайған. Қостанай облысы республика бойынша азық-түлік өнімдері экспорты көлемі жөнінен екінші орында келеді.