Көңілден шыққан қойылым

І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры «Әнім сен едің» атты спектальді қойды. Исраил Сапарбайдың пьесасының негізінде сахнаға ыңғайлаған – режиссер Әлия Баймахан. Шыны керек, бұл қойылым тосын формада, өзгеше түрде ұсынылды. Спектакль Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен өнерінің бір парасын көрсетеді.
DSC_1077
Қойылым өткір драмалық эмоцияларға толы. Шәмші оқудан шығарылуы, ауылына келгендегі анасының қазасы, жанына жұбаныш іздеп сабылуы – бәрі әртістің кәсіби шеберлігін байқатады. Қойылым барысында жас Шәмші сығандардың тобырына еріп кетеді. Отаны, белгілі тұрағы жоқ болса да өз ұлтының дәстүрі мен салтын асылдай сақтап жүрген ұлтқа риза болады. Ұлттың құндылықтары сақталған жерде Шәмші кәусар бұлақтың тазалығын сезінеді. Керемет ән туады. Шәмшінің рөлін сомдаған Әлімхан Мырзаханның айтуынша, композитордың әндерін айтқандар оның өмірі мен ішкі жан дүниесіндегі болып жататын алапат дүниені, нәзік жүрек лүпілін, өмірде қызғаншақтар мен тоңмойындардың пендешіліктерін біле бермес.
DSC_1072
– Ән әлемінде бір өзі бір дәуірдің жүгін арқалаған Шәмшінің әндерін білмейтін қазақ жоқ. Бірақ, оның жеке өміріндегі қиындықтарына ешкім үңіліп мән берген жоқ. Сол тұстан да маған сазгердің бейнесін алып шығу оңайға түспеді. «Көрерменнің көз алдындағы жаттанды оның бейнесін берумен қалып қоймай, қалай тұлғаландыруға болады?» деген сұрақ көз ілдірмеді. Мен де, режиссер де бұл қойылымда Шәмшіні тек композитор ғана емес, өзі өмір сүрген қоғамдағы көріністерді мемлекеттік биік тұрғыдан ойлай білетін сұңғыла ретінде алып шығуды ойладық. Ізденісіміз, еңбегіміз маңдай терді ақтады-ау деп ойлаймын. Шәмшінің терең адам болғанына оның замандастары қалдырған естеліктер куә. Оның әндері алабөтен әңгіме. «Қайықта» мен «Арыс жағасында» қаншама жасты біріктірді. Әр әні – бір тарих. Осындай ұлы тұлғаны сомдағаныма қуаныштымын, – деді актер Әлімхан Мырзахан.
dav

dav

Бұл қойылым театр әртістерінің жанды дауыста сүйемелдеуімен орындалады. Шәмші өмірдегі пендешіліктердің керген жібінен жығылып-тұрып жүргенде, елді оның әндері әлдилеп, аспанында оның әні шарықтап тұрды. Спектакльдің басты ерекшелігі де осы.
 – Бүгін біздің театрымызда үлкен қуаныш. Жұрттың ілтипаты жоғары. Мұндай туындыларды сахнадан сағынып-ақ қалыппыз. Театр әртістерінің сахнада беріліп ойнауы, Шәмшінің ішкі жан дүниесін, басқа да кейіпкерлердің тебіренісін жан дауысымен жеткізіп жатқандарын сезіну көрермен үшін бір қуаныш. Әр маусымды жаңа қойылыммен толықтыратын театр ұжымы келесі жылы да көрермендерді бірнеше тың туындымен қуантады деп үміттенеміз, – дейді қала тұрғыны Диас Қайралап. 
dav

dav

Спектакльде Изольданы бейнелеген Диана Тұрсынованың, Сағынышты ойнаған Қымбат Әуезханның, Шәмшінің анасын бейнелеген Ақдәме Досанова мен Шара Мүсілованың, Баронды сомдаған Қонысбек Бегайдаровтың, Абзалды ойнаған Айбол Шәкіржановтың өнеріне қостанайлықтар риза.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓