Коммуналдық қызметтер уақытша тоқтатылмақ
Алдағы күндері Қостанай қаласының кей көшелеріне ауызсу беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Тәуелсіздік, Баймағамбетов көшелері мен Үлкен көпір аралығындағы жүргізілетін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты, 23 мамыр сағат 01:00-ге шейін мына мекенжайларда ауызсу берілуі тоқтатылатын болады:
– Баймағамбетов көшесі, 158,160,162.164,168,170,187,189;
– Гоголь көшесіндегі 78 және 80;
– Байтұрсынов көшесі, 45,55,57;
– Толстой көшесі, 72;
– Әл-Фараби даңғылы,74,91,93,95,97;
– Пушкин және Победа көшелері аралығындағы жеке тұрғын-үйлер де ауыз судан уақытша ағытылатын болады. Сонымен қатар, төмендегі әлеуметтік нысандар да ауызсу берілуден уақытша ажыратылады:
– А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ
– Орыс драма театры
– Балалар тіс емханасы
– № 100 дәріхана
– «Целинная» қонақ үйі
– Облыстық ІІД ғимараты
– Баймағамбетов, Гоголь және Победа көшелері аралығындағы шатханалар.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалының хабарлауынша, оқыс жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстарға байланысты, ағымдағы жылдың 21-25 мамыры аралығында Қостанай-2, Солтүстік-Батыс және Алтын Арман аудандарының барлық тұтынушыларына көгілдір отын беру тоқтатылмақ. Бұған қоса «Элитный» шағын ауданы мен Гагарин көшесіндегі №07, 209, 211, 213, 215, 223, 229, 225, 227, 231 үйлерге де көгілдір отын уақытша берілмейді. Аталған аудандарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету жүйесінің қайта қосылуы, жоспарланған жұмыстардың аяқталуына байланысты, кезең-кезеңмен іске асырылады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалы келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Тәуелсіздік көшесінде жүргізіліп жатқан қайта қайта құру жұмыстарына байланысты, қала көшелеріндегі қозғалыс тығыздығын азайту және тұрғындарға ыңғайлылық жағдайын ұйымдастыру мақсатында, ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап, уақытша, Әль-Фараби даңғылы, Баймағамбетов көшесі мен Алтынсарин көшелері аралығында, жеңіл көлік қозғалысы үшін ашылатын болады.