Өзгерістерді өзіңнен баста

Кейбір мемлекеттік мекемелерде барлық материалдарды, мамандар әзірлеген құжаттарды қазақ тіліне аудару ауыртпалығын штаттық тәржімашылардың көтеретіні жасырын емес.8KjTM2WR-580
Мамандардың ана тілін білуге, үйренуге талапсыздығы салдарынан, мемлекеттік тілде хаттар дайындау кезінде ресми тілге жүгіну дағдысынан арылғысы келмейді, тіпті алаңдап та жатпайды. Ал, шындығында, мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілде оқыту міндетіне қазынадан аз қаржы бөлініп жатқан жоқ. Елбасы да қазақ тілінің маңызы туралы ұдайы сөз етіп, тапсырмалар береді. Алайда, нәтижелер әлі де көңіл көншітпейді.
Мінекей, осы мақсатта "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру барысында "Өзгерістерді өзіңнен баста" бағдарламасы қолға алынған еді. Оның көздейтіні – мамандарды қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге шақыру.
Этика жөніндегі уәкілетті тұлға Қайрат Сыдықовтың айтуынша, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудің оң тәжірибесін жинақтаған. Мемлекеттік органның барлық маманы құжаттарды өз еріктерімен мемлекеттік тілде әзірлейді. Кейбір мәтіндерде ішінара кездесетін қателерді түзеу үшін оларға тек корректордың көмегі қажет.
Бұл жұмысқа өзге тіл өкілдерінің ынта білдіргені көңіл қуантады. Мәселен, заңгер Марина Коршенкова тілдік қоры аз бола тұра, құжаттарды қазақ тілінде дайындауға үнемі талпыныс жасайды. Ол бұл міндетті қиналмай орындауға терминдер сөздігі ғана емес, ең бастысы, ынта-ықыластың керектігін айтады. Мекеме ұжымы да "бастысы – ұлттың әр түрлілігі емес, тіл үйренуге деген ұмтылыс" деген қағиданы негізге алған. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓