Әдеп жөніндегі үздік уәкілдер анықталды
Тұңғыш Президент күні қарсанында Астанада «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау салтанаты «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының негізгі басымдықтарына сәйкес «Парасаттылық – сананың табысты трансформациясы жолында» тақырыбында өтті.
Орталық деңгейде үздік әдеп жөніндегі уәкіл атағына ҚР Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ж. Тасмағамбетов, ал жергілікті атқарушы органдар арасында Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Н.Ә. Әбдірахманов ие болды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар халықаралық әдеп стандарттарын зерделеу мақсатында тәжірибе алмасу үшін шетелге жолдама алды.
Конкурс қатысушылары 2018 жылдағы жұмыс нәтижелері мен эссе ұсынды, мемлекеттік қызметтің әдептілігін одан әрі жоғарылатудағы көзқарасымен бөлісті. Алғаш рет өткізілген конкурсқа азаматтық қоғам өкілдерінің конкурстық комиссия жұмысына араласқаны объективтілік пен манызын көтерді.
Конкурстық комиссия құрамына ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары С.Н. Громов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Р.Қ. Төлебаев, Мемлекеттік банк мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы М.Х.Жақыпов, «Татар және башқұрттардың Қазақстандық конгресі» республикалық қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңес мүшесі А.Т. Кәрімов, ҚазГЗУ ректоры Т.М. Нарықбаев және «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Т.З. Байғұлов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңес төрағасы Ж.А. Жарасов, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың техникалық кеңесшісі М.И. Өтешев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары И.Т. Салжанов, BusinessChannel телеканалының жүргізушісі Е.Мұхамеджанов, Парламентаризмді дамыту қоғамдық қорының президенті З.К. Батталова енгізілді.
Сонымен қатар, марапаттау рәсміне орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары және облыс әкімдері аппаратарының басшылары қатысты. Әдеп жөніндегі уәкілдер институты – біздің ел үшін жаңалық. Конкурс нәтижелері әдеп жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын енгізуде қомақты тәжірибе жинақтағанын анықтады. Бұндай шаралар өз жұмысында үздік нәтижелерге қол жеткізуге ынталандырушы болады. Аталған конкурс үздік әдеп жөніндегі уәкілді таңдау мен әдеп жөніндегі уәкілдердің біріңғай рейтингін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Қостанай облысы рейтингтің 3-позициясында.