Бозкілем бәсекесі

Арқалықта ҚР самбо және қазақ күресінен спорт шебері Р. Сыздықовты еске алуға арналған 2002 – 2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Х республикалық турнир өтті.IMG-20181204-WA0032
  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, «ҚР спорт шеберіне үміткер» атағын қорғау, ел арасында  дзюдо күресін дамыту және жастардың спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған турнирдің салтанатты ашылуында қала әкімінің орынбасары Т. Әубәкіров, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж. Ғапбасұлы, қалалық спорт бөлімінің басшысы А. Мәліков және марқұмның жақын – жуықтары қатысты.
  Жарыс қорытындысында ер балалар арасында 42 келі салмақ дәрежесінде А.Асанхан (Арқалық), 46 келіде А.Қонысбаев (Қостанай), 50 келіде Б.Алпысбаев (Астана), 55 келіде Н.Әлжан (Қостанай), 60 келіде Е.Халық (Қарағанды), 66 келіде З.Рсай (Қарағанды), +73 келіде М.Әшір (Жезқазған), қыздар арасында – 44 келі салмақ дәрежесінде З.Мәлібекова (Степногорск), – 52 келіде М.Тілеуберген (Рудный),  – 63 келіде Ш.Өзбекова (Степногор) топ жарды.
  Жалпы командалық есепте І орынды Арқалық қаласы, ІІ орынды Қостанай, ІІІ орынды Рудный қаласы жеңіп алды.
 
Мұрат Жүнісұлы
                                                                                            Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓