Жерлестеріміз жеңімпаз
Рудныйда Тəуелсіздік күні мен энергетиктердің төл мерекесі қарсаңында «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің спартакиадасы өтті. Екі күнге созылған дәстүрлі шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 11 құрама команда келіп, спорттың шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, армрестлинг және шахмат сияқты түрлерінен өзара додаға түсті.


Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Жаңабай Бексары спорт мерекесінің негізгі көздегені – компанияның барлық кәсіпорындарының үздік қызметкерлерінің басын біріктіріп, ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға жұмылдыру, талант иелерін жан-жақты ынталандыру екендігін атап өтті.
– Спорт жүрген жерде тәртіп те болады. Бұған біз осындай тамаша шаралардың нәтижесінде көз жеткізіп отырмыз. Өткен жылы спартакиада Қарағандыда өтіп, Алматы торабы жеңіске жетті. Биылғы жарыс одан да тартысты, әрі қызықты өтетіндігіне сенімдімін. Барлықтарыңызға сәттілік, шын мықтыға жеңіс тілеймін, – деді ол.




Қуаныш ЕСҚАБЫЛ