Жауапсыз үш гол!

Қостанайлықтар жаңа алаң – «Тобыл Аренадағы» бірінші ойында жеңіске жетті, деп жазады “Тобыл” ФК баспасөз қызметі.wC6OvCPTLr8-1024x677Алаң қожайындары ойын басталысымен-ақ шабуылға ден қойды. Владимир Газзаевтың бұл қадамы бірден жемісін берді. Олар қарсыластарға жауапсыз үш гол соқты.
Алдымен, команда капитаны Азат Нұрғалиев Никита Калмыков қорғаған қақпаға айып добынан есеп ашты. Мұнан соң Азат бастаған жігіттер шабуылда сауатты ойнай білді.MG_7545
Әсіресе, Максим Федин өз қапталында белсенді шабуылдады. Ол қарсылас қорғаушыларды қапы қалдырып, әріптесі Нұрғалиев тура пас берді. Әккі Азат қателессін бе! Алдына келген теңбілді шірене тартты. 2:0! Ал үшінші голды алаңға тыңнан қосылған Бауыржан Тұрысбек енгізді. Ол Ника Квеквескиридің берген пасын қажетіне жаратты.MG_7459
MG_7789Осылайша, “Тобыл” бірінші турда жеңіске жетті. Ендігі қарсылас – “Тараз”. Олар 15 наурызда Қостанайға келеді.
 
Суреттер "Тобыл" ФК ресми сайтынан алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓