“Біз мектепке барамыз”
Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты қосымша білім беру орталығының "Достық" клубында республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында осындай атаумен қайырымдылық шарасы өткізілді.

– Қоғамның әлжуаз тобына жәрдемдесу қасиетті пайғамбарымыз Мұхаммед саллаулаһи ғалейхи уассаламнан сүннет болған қастерлі парызымыз. Біз өткен жылы мектепке баратын балаларға 200 мың теңгенің жәрдемін көрсетсек, биыл 300 мың теңгенің оқу құрал – жабдықтарын, киім – кешектерін тарту етіп отырмыз, – дейді мешіт есепшісі Қонысбек Әміржанұлы.
"Мейірім бар жерде – мұңлық жоқ" деген. Мейірбан жандардың арқасында мектепке бару мұқтаждығы шешілген балғындар, алғыстарын жаттаған өлең -тақпақтарымен, үйренген әсем әндерімен жеткізді.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы