«Жайдарман» жайдары қалжыңға кенелтті
Білім күніне орай Қазақстан КВН одағы Қостанай филиалы «Балалар шығармашылық үйінде» «Жайдарманның» туған күнін атап өтті. Құрылғанына 5 жыл болған бұл әзілкештер тобы осыған дейін талай мәрте республикалық жарыстарда өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген еді. Бұл жолғы әзіл кеші жоғары деңгейде тойланды. Зал толы дүйім ел үсті-үстіне қол соғып, екі топқа бөлінген өнер иелеріне қошемет көрсетті.

Кешті ұйымдастырып, жүргізген Марғұлан Бәкір әзілдің сойылын соққан «қотыр тілді» жастарға өз лебізін айтып, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының «комик» актері Әлімхан Мырзаханды ортаға шығарып, көрерменді тағы бір мәрте шынайы «импровизациясымен» риза қылды.
Нұрболат Мешітбаев