“Жыл шебері – 2018” байқауы өтті

Қостанай құрылыс колледжінің базасында облыстағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында өткен бұл байқауға аспаздар, тігіншілер мен шаштараздар қатысты. Байқаудың мақсаты – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау кезінде өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылық және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, кәсіптің мәртебесін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату.мастер года3
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыстың  іріктеу кезеңіне барлығы 19 адам қатысқан көрінеді, бірақ соның ішінде тек сегіз шебер ғана іріктеліп алынған. Байқаудың шарты бойынша, бірінші кезеңде қатысушылар “өндірістік оқыту шебері ретінде менің қызметімдегі жаңашылдықтар” тақырыбында эссе және өндірістік оқыту сабақтарына қатысты әзірлемелер ұсынды. Ал, екінші кезеңде оқытушыларға кәсіптік сынамалардың технологиялық картасын әзірлеу ұсынылды. Ол үшін 20 минут уақыт берілді. Осы аралықта тігіншілер тәпішкені қалай кәсіби дайындау керектігін ұсынса, шаштараздар көрермендерге шаш үлгілерін жасап, шаш өрудің небір түрлерін көрсетті. Ал, аспаздар қатысушыларды ерекше тағамдарымен қуантты.
image description

image description

мастер года2мастер года1
Иә, жарыс болған соң оның жеңімпазы да болатыны анық. Сонымен, байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды – Федоров ауыл шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері В.Широков қанжығасына байлады. Екінші орынды Рудный технология және сервис колледжінің оқытушысы В.Лазарев, ал үшінші орынды Меңдіқара ауданындағы кәсіптік-техникалық колледжінің оқытушысы Л.Дикаева иеленді. Қалған шеберлер “Жаңашыл шебер”, “Жоғары кәсібилігі үшін”, “Идеялар көшбасшысы”, “Тәрбиеші шебері” сияқты номинациялармен марапатталды. Жеңімпаздардың барлығына да бағалы сыйлықтар табысталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓