Зейнетақы жүйесі – қамсыз қарттық кепілі
Еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі жиырма жыл ішінде жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, уақыт талабына сай жаңарды. Алайда, осы жылдар ішінде бұл жүйеде жетістіктер мен кемшіліктердің де орын алғаны рас. Зейнетақы жүйесінің жұмысы туралы кеңірек білу үшін біз «БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Сәуле Қозбақованы әңгімеге тартқан едік.
– Сауле Бақытқызы, биыл еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 20 жыл толды. Сіздіңше, осы жылдар ішінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істеуде? Қазіргі оның жай-күйін қалай бағалар едіңіз? Жалпы зейнетақы жүйесін бір қорға топтастыру ұтымды шешім болды деп айта аласыз ба?
– БЖЗҚ-ның құрылуы мен зейнетақы активтерінің біріктірілуі нарықты өзгерткенімен, зейнетақы жүйесінің құрылымын өзгерткен жоқ. Елімізде жинақтау-
шы зейнетақы жүйесінің көпдеңгейлі екендігі, дербес шоттар есебінің жүргізілуі, жинақтардың меншіктілігі және олардың мұраға қалдырылуы, зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына мемлекеттің кепілдік беретіндігі сынды негізгі қағидалар сақталды.

Рас, жинақтаушы зейнетақы жүйесі іске қосылғаннан кейін зейнетақы нарығында бірқатар жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеді. Өзара бәсекелестік алғашында жақсы нәтиже бергенімен, уақыт өте жеке қорлардың әлсіз тұстары біліне бастады. Кейде қорлар бәсекелестік жағдайында жаңа салымшылардың орнына бір-бірінің салымшыларын тартып алып отырды. Ол аздай көптеп табыс табу үшін күмәнді құралдарға инвестиция салып, табыс табудың орнына шығынға батқан жағдайлар да болды. Азаматтардың жинақтарын басқару қауіпсіз әрі тиімді болу үшін 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы құрылды.
БЖЗҚ-ның құрылуы салымдарды есептеу мен сақтауға кететін операция-
лық шығындар мен әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, комиссиялық шығындар жеке қорлармен салыс-
тырғанда екі есеге азайды. Сонымен қатар, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды жою, жаңа электрондық қызметтерді енгізу, олардың үлесін арттырудың арқасында комиссиялық сыйақылар тағы да төмендеді. Тағы бір маңызды жәйт – мүдделес тұлғалармен шарт жасасу мүмкіндігіне тосқауыл қойылды. Салымшылардың бір қордан екінші қорға бей берекет ауысуы да тоқтады. Бірыңғай базаның арқасында қате техникалық шоттар барынша азайтылды. Мұның бәрі зейнетақы жүйесін нығайтуға мүмкіндік берді. Ең бастысы, Қордағы қаражаттың сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік беріледі. Сондықтан, еліміздің зейнетақы жүйесінің көпдеңгейлі моделі сәтті жұмыс жасап келеді деп айтқым келеді. Сол себепті де зейнетақыларды әртараптаңдырудың қолданыстағы қағидаларын сақтауды одан әрі жалғастыру маңызды.

Айта кетуіміз керек, бүгінде жиынтық зейнетақы бұрынғыша екі төлем көзінен – мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинағы есебінен төленеді.
– Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің көпдеңгейлі екендігін айтып өттіңіз. Осы жағын таратып айтып берсеңіз.
– Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі бүгінде үш деңгейден тұрады. Олар: мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және жасына (еңбек өтіліне) байланысты ортақ зейнетақы; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнет-
ақы жарналарына негізделген міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі; ерікті зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.
ақы жарналарына негізделген міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі; ерікті зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.
Базалық зейнетақы елімізде 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық зейнет-
керге бірдей көлемде төленіп келді. Ал бірінші шілдеден бастап, жаңа әдістеме бойынша есептеліп жатыр. Бұл ретте еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі толық ескеріледі.
керге бірдей көлемде төленіп келді. Ал бірінші шілдеден бастап, жаңа әдістеме бойынша есептеліп жатыр. Бұл ретте еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі толық ескеріледі.
Ортақ зейнетақы 1998 жылдың
1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар зейнеткерлерге төленеді. Жоғарыда аталған зейнетақыларды төлеумен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы айналысады.
1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар зейнеткерлерге төленеді. Жоғарыда аталған зейнетақыларды төлеумен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы айналысады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Оның көлемі жұмыс-
кердің айлық табысының 10 пайызын құрайды. Бұл жарналарды Қорға ай сайын жұмыс берушілер аударады.
кердің айлық табысының 10 пайызын құрайды. Бұл жарналарды Қорға ай сайын жұмыс берушілер аударады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Оның көлемі жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды. Бұл жарналарды жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстарды атқаратын жұмыскерлерінің пайдасына төлейді.
Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері және төлеу тәртібі салымшы мен Қордың өзара келісімі бойынша белгіленеді. Салымшы бұл жарналарды өз табысы есебінен төлейді және өз атына немесе үшінші бір тұлғаның атына аудара алады.
– Цифрландыру – жаһандық үрдіс. Сондықтан да, Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын енгізді. Зейнетақы қорында да тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің біртіндеп электрондық форматқа ауыстырылып жатқанын естіп жатырмыз.
– Бұл ретте сіздер үшін БЖЗҚ-ның барлық қызметтері дерлік электрондық нұсқада қолжетімді екенін атап өткім келеді. Қор сайтында электрондық сервис-
тер іске қосылғаннан бері салымшылар мен алушылар оларды белсенді түрде пайдаланып келеді. Қазіргі кезде Қорда электрондық форматта жүзеге асырылатын операцияларының үлес салмағы 65 пайыздан асты. Қор қызметі мен өз жинақтарыңыз туралы ақпарат алудың ең қолайлы тәсілі – БЖЗҚ ұялы қосымшасы. Оны App store және Google play арқылы жүктеуге болады. Сонымен бірге, БЖЗҚ-ның барлық жаңалықтарын біліп, Қор көрсеткіштерімен танысуға, бөлімшелерінің мекенжайын білуге болады. Өз жинақтарыңыздың жай-күйі туралы ақпарат алу үшін БЖЗҚ кеңсесіне бір мәрте келіп, Жеке кабинетте тіркелсеңіз болғаны. Заман талабына сай БЖЗҚ Telegram танымал мессенджерінде өз ботын іске қосты. Оның көмегімен шағын үзінді-көшірме алуға, көшірмені электрондық поштаға жөнелтуге, жеке кабинетінің құпия-
сөзін қалпына келтіруге, өзекті жаңалықтармен және Қор көрсеткіштерімен танысуға, жақын маңдағы бөлімшелерді табуға болады. Сонымен қатар, бот негізгі валюталардың (АҚШ доллары, евро, рубль) бағамын білуге, жол ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды тексеруге болады. Біз одан әрі боттың қызметтерін ұлғайтып, барынша қолайлы және пайдалы етуге тырысамыз.

БЖЗҚ-ның басты міндеттерінің бірі – жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат беру. Мұндай ақпаратты алу тәсілдерінің бірі – enpf.kz сайтындағы салымшының Жеке кабинеті (ЭЦҚ немесе тіркелген ЖСН болса). Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алумен қатар осы Жеке кабинет арқылы:
– жеке зейнетақы шотын ашу, зейнет-
ақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесі мен ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу;
ақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесі мен ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу;
– I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланыс-
ты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беруге болады;
ты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беруге болады;
– зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжамын білуге;
– берілген өтініштердің мәртебесін қадағалауға;
– жеке деректемелерге және хабарландыру тәсіліне өзгерістер енгізуге мүмкіндік бар.
– Бүгінде салымшылардың жинақтау-
шы зейнетақы жүйесіне деген сенімі айтарлықтай нығайды деп айта аласыз ба?
шы зейнетақы жүйесіне деген сенімі айтарлықтай нығайды деп айта аласыз ба?
– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметінде ашықтық, шынайы-
лық қағидасын ұстанады. Өйткені ол – зейнетақы жүйесіне деген сенімнің кепілі. Сенім адамдарды зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыра түседі. Көптеген қазақстандықтар отандық зейнетақы жүйесіне және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сенеді. Өткен жылдың соңында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша тұрғындардың көпшілігі: «Зейнет жасында қаржылық әл-ауқат негізі – зейнетақы жинақтары болады» деген пікір білдірсе, ел тұрғындарының жартысынан астамы болашақ зейнетақыға өздері жауапты болатындығын түсінеді. Сонымен қатар, сенімнің ең жоғары деңгейі 18-29 және 60-65 жас аралығындағыларда байқалды. Әлеуметтік-демографиялық сипаттама тұрғысынан жасалған талдау 18-29 және 60-65 жас аралығындағы азаматтар, сондай-ақ ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер және үкіметтік емес сектор жұмыскерлері арасындағы сенім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті. Ал сенім деңгейі жоғары өңірлер – Маңғыс-
тау (7,7 балл), Ақмола (7,1) және Атырау (7,1) облыстары болып шықты. Ең төмен көрсеткіш Павлодар облысында тіркелген (3,6). Қостанай облысында сенім индексі 6,2 балл болды.

– Облыс тұрғындарының жинақтау-
шы зейнетақы жүйесіне қатысуы, олардың қаржылық сауаттылығын арттыруы бойынша не айтасыз? Жалпы, түсініксіз сұрақтар туындағанда тұрғындар қайда барып кеңес алулары қажет?
шы зейнетақы жүйесіне қатысуы, олардың қаржылық сауаттылығын арттыруы бойынша не айтасыз? Жалпы, түсініксіз сұрақтар туындағанда тұрғындар қайда барып кеңес алулары қажет?
– 2017 жылдың қазан айында Қордың 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы қабылданды. Міне, осы стратегия аясында Қор алдына бірқатар мақсаттар мен міндеттер қойылды. Солардың бірі – тұрғындар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін дамыту.
Бұл міндетті жүзеге асыру барысында Қор зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін қалыптастыру аясында әрбір салымшы үшін кәсіпқой кеңесшіге айналуы тиіс. Бұл үшін биыл сәуір айында Қордың дербес кеңес беру қызметі іске қосылды. Қор мамандары болашақ зейнеткерлерге зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, лайықты зейнетақы алу үшін зейнетақы жарналарын қанша мөлшерде аударып тұру қажеттігін түсіндіреді. Қазір Қордың барлық филиалдары осы бағытта қарқынды жұмыс істеп жатыр.
Бүгінде жергілікті тұрғындар Қордың Қостанай облыстық филиалы мен 19 дербес қызмет көрсету орталығына келіп, болашақ зейнетақыны жоспарлау бойынша Қор мамандарынан толыққанды ақыл-кеңесін алуларына болады.
– Сонымен, қарттық шақта қамсыз өмір сүру үшін қандай қарекет жасау керек?
– Әрине, жастық шақ жарқын кездесулерге, ұмытылмас әсерлерге, жан толғаныстарына, арманға және болашаққа деген жоспарларға толы. Барлығына үлгергің келеді. «Ел араласам, өз күшімді әртүрлі салада сынап көрсем», – дейсің. Жеке өміріңде де, қызметте де жетістікке қол жеткізгің келеді. Бірақ уақыт тез өтеді. Сол үшін зейнет жасындағы өміріңіз туралы қазірден бастап ойлау керек. Бүгінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінде «Қанша жинасаң, сонша аласың» деген қағида қолданылады. Сондықтан болашағыңызды қазірден бастап өзгертуге мүмкіндік бар. Ол үшін болашақта лайықты зейнетақы алу үшін оны қазірден бастап жоспарлап, Қорға міндетті зейнетақы жарналарын толық мөлшерде тұрақты аударып тұруға күш салыңыз. Өйткені Қордағы төлемдер уақыт өткен сайын болашақ зейнеткерлер үшін ең маңызды табыс көзіне айналады. Бұл ретте Қорға мүмкіндігінше ерікті жарналарды да аударып тұрған абзал. Ол Қордан жүзеге асырылатын төлемдердің көлемін едәуір арттыруға септігін тигізеді.
– «Мобильдік кеңсенің» тиімділігі неде деп ойлайсыз?
– «Мобильдік кеңсе» жобасы биыл сәуір айында іске қосылған болатын. Әзірге Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында ғана жүзеге асырылып жатыр. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынған.
Қостанай облыстық филиалының мамандары осы уақытқа дейін 70 елді мекенді аралады. Бұл жоба бойынша 16 мыңнан астам қазақстандыққа зейнетақы қызметтері көрсетілді. Келесі жылдан бастап «Мобильдік кеңсе» жобасы еліміздің 10 өңірінде ашылады деп жоспарлануда. Бұл жобаны іске қосудағы мақсат – шалғайда орналасқан елді мекендерде, сондай-ақ, Қор бөлімшелері жоқ аудандарда маңызды зейнетақы қыз-
меттерін көрсету. Яғни, Қор тарапынан көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Сол үшін де бұл қызмет қазіргі уақытта тұрғындар арасында өте танымал болып жатыр.
меттерін көрсету. Яғни, Қор тарапынан көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Сол үшін де бұл қызмет қазіргі уақытта тұрғындар арасында өте танымал болып жатыр.
– Алда Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мейрамдары келе жатыр. Оқырмандарға қандай тілек білдіресіз?
– Әрбір шаңыраққа, әрбір қазақстандыққа, зейнеткерлерге және болашақ зейнеткерлерге зор денсаулық, тыныштық пен береке-бірлік тілеймін. Кез келген жақсылыққа сеніммен қарайық!
Қарлығаш ОСПАНОВА