Көші-қон орталығы ашылды

Қостанайда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау барысында көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды.IMG_5421-630x420
Жаңа орталықта шетелдіктерді тіркеу, визалық қолдау мәселелері, азаматтығы,  тұрақты тұратын жері туралы анықтама  беру сынды қызметтер көрсетілетін болады.
«Бұл біздің аймаққа келген шетел азаматтарының деректерін өңдеу үдерісін жылдамдатады. Бұрын шетелдік азаматтар  Қазақстанға жұмысқа орналасу  үшін рұқсатты  бес күн ішінде алатын болса, қазір еңбек мигранттарының барлық құжаттары тәртіпке сәйкес келсе бұл жұмыс бір сағаттан аспайтын болды», – дейді облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев.  
Көші-қон қызметтерінің орталығында медициналық тексеру, саусақ іздері, сақтандыру полисін беру, сондай-ақ ЖСН алу, Қазақстанға жұмысқа орналасу үшін қажетті барлық рәсімдерден өтеді.
Жыл басынан бері Қостанай облысының тұрғындарына 650 мың мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді, оның 10%-ы электрондық форматта. Ашылған жаңа орталықта көші-қон саласы бойынша мемлекеттік қызметтің 13 түрі ұсынылады,- деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Қанат Төлепұлы ашылу салтанатында. 
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет alau.kz cайтынан алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓